Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, жеке құрамның дайындығын тексеру және олардың үлгі боларлық келбетін қолдау мақсатында, саптық байқау өтті. Онда бөлім қызметкерлерінің қызмет атқаруға дайындығы тексерілді. Саптық байқауды Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев өткізді.
Шара кезінде полицейлердің сыртқы көрінісі, саптық түзелуі, нысанды киімнің жай-күйі, қызметтік куәліктердің, төсбелгілер мен жетондардың сәйкестігі, планшеттердің жарамдылығы және қызметтік автокөлік тексерілді. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша нұсқама берілді.
Саптық байқау соңында тәртіп сақшылары шеруге шығып, құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін және заңдылықты сақтау бойынша қызмет атқаруға кірісті.