• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысының көші-қон себептерінің факторлары қандай?

Автор:admin

Ноя 2, 2022
Spread the love

Түркістан облысынан көшіп кетушілер саны Солтүстікке қарай ұлғайған. Мұндағы негізгі тетік халқы тығыз орналасқан аймақтардан халқының саны аз облыстарға мемлекеттік бағдарлама шеңберінде көші-қон үдерістерін реттеу болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның айырмашылығы – бұл салдарын немесе әрекетін, яғни көші-қонды шарттастырушы. Себеп деп әрекеті басқа құбылысты туындататын, анықтайтын, өзгертетін, тудыратын немесе соған әкеліп соғатын құбылыс түсініледі. Себеп әрекеттің, яғни көші-қон актісінің алдында болады.33 Көші-қон себептері «итеруші», сондай-ақ «еліктіруші» болуы мүмкін. «Итеруші» себептер донор-елдерде болады:

— экономикалық себептер – жұмысынан айрылу және жұмыс табудың мүмкін еместігі,

жалақының төмен деңгейі;

— әлеуметтік себептер – қауіпсіздіктің жоқтығы сезімі, криминогенді жағдайдың нашарлауы,

білім алу мүмкін еместігі, өмірлік келешектердің болмауы;

— этно-діни себептер – этникалық, нәсілдік немесе діни белгісі бойынша кемсіту, ұлтаралық

қақтығыстар, «этникалық тазалаулар»;

— әкімшілік-саяси себептер – саяси көзқарастар үшін қудалаулар, депортация.

— табиғи себептер – табиғи апаттар, экономикалық жағдайлардың және климаттық

шарттардың нашарлауы;

«Еліктіруші» себептер қабылдаушы елде жұмыс істейді:

— экономикалық себептер – жұмыс табу мүмкіндігі, еңбекақының жоғары деңгейі, дамыған

инфрақұрылымға рұқсат;

— әлеуметтік себептер – оқыту мүмкіндігі, отбасының және туысқандарының болуы;

— этно-діни себептер – этникалық және діни сан алуандық саясаты, діни наным бостандығы;

— әкімшілік-саяси себептер – мигранттарды тарту бағдарламалары;

— табиғи себептер – жайлы климат, қолайлы экологиялық жағдай.

Көші-қонның дербес актілерінің көпшілігі жиынтықта әлеуметтік-экономикалық және саяси

жүйесіне объективті сипаттама береді. Көші-қонды «адамдардың аяқпен дауыс беру тәсілі»

деп айтатыны да кездейсоқтық емес. Көші-қонның жаһандық үрдістері. Әлемдегі еңбек, білім және мәжбүрлі көші-қонның трендтері. Қайтарымды көші-қонның орны және масштабтары. Халықаралық және ұлттық құқықтағы қайтарымды көші-қоны және қайтып келу терминологиясы. Атажұртқа оралу және отанына қайта оралу. Қайтарымды көші-қонның жіктелуі. Қайтып келу түрлері: ерікті және мәжбүрлі. ХКҚҰ-ның ерікті қайтып келуге және қайта ықпалдастыруға көмек (ЕҚКҚЫК) бағдарламаларын іске асыруы: сандық және аймақтық аспектілері. Тікелей және жанама ынталандырылатын қайтарымды көші-қон, табиғи қайтарымды көші-қон. Заңды (құжаттандырылған) және реттелмеген (құжаттандырылмаған) қайтып келетін мигранттар. Әлемнің кейбір елдеріндегі қайтарымды көші-қонның әлеуетін қалыптастырудың тарихи ерекшеліктері. Қазіргі шарттарда көші-қон мемлекеттерге, қоғамдарға және мигранттарға көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Көші-қон халықты біріктіру, көшіру, шекараларды қорғау және қауіпсіздік сияқты салалардағы маңызды саяси және экономикалық мәселеге айналды. ХҚКҰ бағалары бойынша, дүние жүзінде 244 халықаралық мигрант анықталды (дүние жүзі халқының 3,3%) – 2000 ж. шамамен 155 млн. адаммен салыстырғанда артқан (дүние жүзі халқының 2,8%). Мемлекетішілік көші-қон барынша кеңінен таралған болып табылады, бұл ретте соңғы жаһандық баға 740 млн. астам адам өзінің туған елі шегінде көшкендігіне дәлел болады.1 Қазіргі заманғы жағдайда барынша маңызды көші-қон лектерінің бірнеше жаһандық трендтерін белгілеуге болады. Еңбек көші-қоны. ХКҚҰ бағалары бойынша дүние жүзіндегі еңбекші-мигранттардың саны халықаралық мигранттардың жалпы санының үштен екісінен сәл аз немесе 150,3 млн адамды құрайды. Жұмыс істейтін-мигранттар арасында ер адамдар басым түседі, олар шамамен 17 млн. адамға көп: 83,7 млн ер (55,7%) және 66,6 млн әйел (44,3%). Еңбекші-мигранттардың басым бөлігі шамамен 112,3 млн (75%), жоғары табыс деңгейі бар елдерде жұмыс істеді, ал тағы да 34,4 млн (23%) табыс деңгейі орташа елдерде болды. Еңбекші-мигранттардың тек шамамен 2% кедей елдерде жұмыс істеді. Табыс деңгейі төмен және орта елдердің топтарындағы жұмыс күшінің жалпы санындағы еңбекші-мигранттардың үлесі (шамамен 1,4%), табыс деңгейі жоғары елдер тобында – айтарлықтай, 16,3%-ға жоғары.2 Дүние жүзінде біліктілігі төмен және білікті мигранттардың еңбегі сұранысқа ие болып қала береді. Сондай-ақ біліктілігі жоғары ресурстар және таланттар үшін бәсекелестік артып келеді, себебі бұндай мамандар білімге негізделген экономиканы дамытуда барынша маңызды рөл атқаратын болады. Машина құрылысы, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, денсаулық сақтау ұйымы және білім саласындағы кадрлардың тапшылығы мемлекеттерді өздерінің көші-қон саясатын біліктілігі жоғары мигранттар үшін барынша тартымды етуге мәжбүрлейді. Еңбек көші-қоны күннен күнге циркуляциялық еңбек көші-қонына айналып барады. Еңбекші-мигранттарға қаржылықэкономикалық дағдарыстар есебінен күшейетін қайтарымды көші-қон да тән. Мәжбүрлі көші-қон. 2016 ж. соңына қарай дүние жүзінде жалпы алғанда 22,5 млн босқын бар екені анықталды, олардың ішінде 17,2 млн адам – БҰҰ БІЖЖКБ мандаты бойынша және 5,3 млн босқын жұмыстарды ұйымдастыру және палестиналық босқындарға көмек үшін БҰҰ Таяу Шығыстық агенттігінде тіркелді. Бұл барлық уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткіш, дегенмен босқындар санының жыл сайынғы қарқыны 2012 ж. бастап төмендеді. Бұдан басқа, 2,8 млн. адам халықаралық қорғанысты іздеді және өзінің босқын мәртебесінің мойындалуын күтуде – оларды баспана сұраушылар деп атайды. 2016 ж. баспана ұсыну туралы алғаш берілген өтінішхаттардың жалпы саны 2 млн. құрады. Босқындарды негізгі қабылдайтын ел Германия болды (720 мың. өтініш), одан кейін АҚШ (262 мың.) және Италия (123 мың.). Босқындардың негізгі елдері мыналар болды: Сирия, Ауғанстан, Оңтүстік Судан, Сомали, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Мьянма, Эритрея және Бурунди (13,5 млн адам немесе 79%). БҰҰ БІЖЖКБ бағалары бойынша 18 жасқа дейінгі жастағы адамдар барлық босқындардың шамамен 51% құрады, әйелдердің үлесі – 49%. Шамамен 60% босқын қалаларға орналастырылды.3 Білім көші-қоны. Қазіргі заманғы жағдайда жоғары білім айтарлықтай халықаралықтандырылды, жастар білім алуда барынша мобильді бола бастады. Бұл студенттердің шетелдік университеттерде білім алу үшін көшіп-қонатынын білдіретін, дүние жүзіндегі халықаралық білім көші-қонының артуына себепші болды.4 ЮНЕСКО деректері бойынша 2017 жылдың қорытындылары бойынша 5,1 млн. студент білім алған.5 Халықтың жас ерекшелік құрылымында басым түрде жастар бар елдер және кейбір аймақтар халықаралық білім көші-қонына белсенді қосыла бастады. Мысалы, жас қытайлықтардың жартысы шетелде оқығысы келеді, ал 2017 ж. шетелдегі қытайлық студенттердің саны 442,8 мың адамды құрады.6 Орталық Азия елдерінің шамамен 156 мың студенті шетелде оқыған. Тек 25–30% шетелдік студенттер ғана экономикалық дамыған елдерден өздерінің еліне қайтады. Шетелде жоғары білім алғысы келетін студенттер артып келеді, бұл ретте көбіне шетелде оқуды олар оқитын елінде тұрақты тұруға ықтиярхатты алуға қадам ретінде қарастырады.7 Қабылдайтын елдердің экономикасына шетелдік студенттер қосатын үлес негізгі қабылдайтын елдердің шетелдік студенттердің келуін және бірігуін жеңілдетуге көп күш салуының себебі болды: бұл жерде визалық саясатты және рәсімдерді өзгерту және көші-қон заңнамасындағы түзетулер туралы сөз болып отыр.8 Мигранттардың көбейіп келе жатқан саны кейде немесе мерзімді түрде әртүрлі жағдайларға байланысты өз елдеріне қайтады. Дегенмен қайтарымды көші-қонның ауқымын жаһандық деңгейде бағалау мүмкін емес, ал ұлттық деңгейлерде аталмыш көрсеткіш нақты болып табылмайды, бар деректер қайтарымды көші-қон жалпы көші-қоны лектерінің артуымен параллель күшейетіні туралы ғана айтуға мүмкіндік береді. Қайтып келу – бастапқы орнына қайтып келу үдерісі немесе акті. Бұл елдің аумақтық шекаралары шегінде – көшкен және қайта жұмылдырылған адамдардың ішкі қайтып келуінде; немесе шыққан елі және баратын елі (транзит) арасында – еңбекші-мигранттар, босқындар немесе баспана сұраушылар жағдайында болуы мүмкін. Қайтып келудің әртүрлі тәсілдері сипатталады: ерікті, мәжбүрлі, көмек болғанда және табиғи; сондай-ақ мигранттардың қайтып келу типтері, мысалы отандарына қайта оралулары (немесе дағдарыс жағдайларында қалған мигранттар).9 ХКҚҰ тәсіліне сәйкес (2004 ж.) «қайтарымды көші-қон» деп әдетте басқа елде кем дегенде бір жыл болғаннан кейін тұрақты тұратын орны немесе өзінің шыққан еліне қайтып келетін адамдардың жүріп-тұруы түсініледі. Бұл қайтып келудің ерікті немесе еріксіз болуы мүмкін. Қайтарымды көші-қонның ерікті репатриациялау арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.10 Қазіргі уақытта (2019 ж.) ХКҚҰ қайтарымды көші-қон ұйымын халықаралық көші-қон контекстінде (өз елдеріне қайтып келу үшін көшіп бара жатқан адамдар өздерінің әдеттегі тұратын жерінен кеткеннен кейін және халықаралық шекарадан өткеннен кейін) және ішкі көші-қон контекстінде (одан көшкеннен кейін өзінің әдеттегі тұратын орнына қайтып келетін адамдардың көшіп-қонуын) анықтайды. Статистикалық мақсаттар үшін БҰҰ экономикалық және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі департаменті қайтып келетін мигранттарды елде кем дегенде бір жылға қалуға ниетті және басқа елде халықаралық мигрант болғаннан кейін (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) өздерінің азаматтығы бар елге қайтып бара жатқан адамдар ретінде анықтайды.11 БҰҰ және ХКҚҰ ұсынатын «қайтарымды көші-қон» түсінігінің жеткілікті біржақтылығына қарамастан, оны түсіндіру әртүрлі елде айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ нормативтікқұқықтық актілерде және әртүрлі елдердің қайтып келу ұйымдарының бағдарламаларында қайтарымды көші-қон үдерісін сипаттайтын әртүрлі түсініктер мен терминдер пайдаланылады. Сондай-ақ қайтарымды көші-қонда «реэмиграция» термині қолданылады, бұл бұрын эмиграцияға кеткен эмигранттардың шыққан еліне қайтып келу үдерісі.12 Қайтарымды көші-қонмен «репатриация» түсінігі тығыз байланысты, ол халықаралық құқықта және көші-қон саясатында екі түсіндірмеге ие. Барынша ауқымы тар түсіндірме «репатриацияны» әртүрлі халықаралық құжаттардың ережелері негізінде (Женева конвенциялары 1949 ж., 1977 ж. хаттамалар, 1907 ж. Гаага конвенциясын толықтыратын құрлықтағы соғыс заңдары және дәстүрлері туралы ережелер; адам құқықтары жөніндегі құжаттар, сондай-ақ құқықтық дәстүрлер) сол елдің азаматы болып табылатын, елге қайтып келуге босқынның немесе әскери тұтқынның құқығы ретінде анықтайды. Репатриацияны таңдау құқығы оны ұстайтын органға емес, адамның өзіне тиісті. Репатриацияға құқық келген елдің мемлекеттік органдарын осындай адамдарды (солдатты және азаматтық адамдарды) шығаруға, ал шығу елін – өзінің азаматтарын қабылдауға міндеттейді. «Репатриация» термині халықаралық дағдарыс кезінде халықаралық лауазымды тұлғалар мен дипломатиялық өкілдерге қатысты қолданылады.13 «Репатриация» термині сондай-ақ халықаралық гуманитарлық құқық контекстінде пайдаланылады, бұл ретте негізгі назар халықаралық құқықтың аталмыш саласына қатысы бар санаттарға аударылады. Өзінің еліне қайтып келуге көбірек жалпы құқық адам құқықтарының халықаралық құқығында, соның ішінде азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде (1966 ж. 16 желтоқсанда қабылданды, 1976 ж. 23 наурызда күшіне енді) көзделген. Африкадағы босқындар мәселесінің нақты аспектілерін реттейтін Конвенция аясында (1969  жылы 10 қыркүйекте қабылданды, 1974 ж. 20 маусымда күшіне енді), репатриация үнемі ерікті болуы тиіс және бірде бір босқын оның еркіне қарсы репатриациялана алмайды. Аталмыш түсіндіру баспана елге де «репатриация туралы өтінішпен жүгінетін босқындардың қауіпсіз қайтып келуі үшін тиісті шаралар қабылдауды», ал шыққан елге – «оларды көшіруді жеңілдетуге және оларға ел азаматтарының барлық құқықтарын және артықшылықтарын және олардың міндеттерін ұсыну» міндеттемесін жүктейді. Сондай-ақ бұл термин дағдарыста немесе шетелде қиын жағдайда қалған азаматтарға, халықаралық дағдарыс кезінде халықаралық лауазымды тұлғаларды және дипломатиялық елшілерді репатриациялауды белгілеу үшін жиі пайдаланылады.14 Ауқымды түсіндіруге сәйкес «репатриант» – бұл тұрақты тұру мақсатымен шыққан немесе өзінің азаматтығы бар елге жеке немесе әлеуметтік-экономикалық себептер бойынша ерікті түрде өзі көшкен адам.15 Осыған байланысты кейбір елдердің үкіметтері және олардың мемлекеттік бағдарламалары әдетте репатриацияны қайтарымды көші-қонның түрі, яғни этникалық отанына қайтып келу үдерісі ретінде қарастырады. Этникалық отан деп көбінесе (тіпті олар ол жақтан бұрын эмиграцияланбаса да) адамдар өздерінің шыққан жерімен байланыстыратын ел немесе аймақ түсініледі. Негізінен, осы байланыс этникалық және (немесе) діни тиістілік арқылы анықталады. Бірқатар мемлекеттердің биліктері (мысалы, Израиль және Греция) нормативтік-құқықтық актілерде, көші-қон саясатында және көшу бағдарламаларында «репатриация» және «репатриант» түсініктерін тікелей қолданады. Қайтарымды көші-қонды жіктеудің бірнеше тәсілдері. Мигранттардың шыққан еліне қайтып келуін түсіндіру осындай үдерістің еріктілік деңгейіне байланысты: — «ерікті түрде қайтып келетін мигранттар» – өзінің ерікті шешімі негізінде басқа елге немесе транзиттік елге, шығу елінің көмегімен немесе тәуелсіз қайтып келетін адамдар. Ерікті түрде отанына қайтып оралу ұйымдастырылған (БІЖЖКБ және тиісті үкіметтер эгидасымен жүзеге асырылады) немесе кенеттен болуы мүмкін (босқындар өз қаржылары есебінен қайтады, бұнда БІЖЖКБ және үкімет қайтып келу үдерісіне мүлде қатыспайды);16 — «мәжбүрлі қайтып келу» – жеке тұлғаны оның еркіне қарсы шыққан еліне, транзиттік еліне немесе адамды қабылдауға келіскен үшінші елге қайтып келу акті әдетте әкімшілік немесе сот актісі немесе шешімі негізінде жүзеге асырылады. 1979 ж. бастап. ХКҚҰ ерікті қайтып келуге және қайта ықпалдастыруға көмек (ЕҚКҚЫК) бағдарламасын жүзеге асырады. ХКҚҰ ЕҚКҚЫК желісі бойынша мигранттарды қолдауы негізінен тұтас іс-шаралар тобын қамтиды: қайта ықпалдасуға мүмкіндігінше көмек көрсету және әкімшілік, туристік көмек, авиабилеттерді сатып алу, кетер алдында кеңес беру. Орташа алғанда 2005 жылдан бастап 2018 жылға дейін. ХКҚҰ жыл сайын ЕҚКҚЫК арқылы отанына қайтып келу сұрақтары бойынша 48 мың мигрантқа көмек көрсетті. 2018 ж. 63,3 мың мигрантқа қолдау көрсетілді (24% – әйелдер, 22% – балалар, 1,2% – адамдар саудасының құрбандары), олар 128 қабылдаушы немесе транзиттік елден 169 шыққан еліне оралды.17 2018 ж. ЕҚКҚЫК қатысушыларының басым бөлігі (53,7%) Еуропалық экономикалық аймақтан, атап айтқанда Германиядан, Грециядан, Австриядан, Бельгиядан және Нидерландыдан оралды. «Оңтүстік-оңтүстік» бағыты бойынша, соның ішінде транзит елдерінен қайтып келетін мигранттар легі артып келеді. Мысалы, мигранттардың үлкен бөлігі Нигерден Гвинеяға, Малиге, Камерунға, Кот-д’Ивуар мен Сенегалға оралды, ол дүние жүзіндегі барлық қайтып келетін мигранттардың 18%-дан астамын құрады. ЕҚКҚЫК желісі бойынша көмек алушы-мигранттардың шығатын негізгі аймақтары 2018 жылы Батыс және Орталық Африка (30,8%), Оңтүстік Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия (27,6%), Азия Тынық мұхиттық аймағы (14%) және Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (12,9%) болды. Жалпы алғанда 10 озық елде шығу ЕҚКҚЫК желісі бойынша барлық көмек алушылардың 51%-на келеді.1 Мемлекеттің және халықаралық ұйымның қатысу деңгейіне байланысты қайтарымды көшіқон үдерісінде қайтарымды көші-қонның үш типін белгілеуге болады: — тікелей немесе белсенді ынталандырылатын қайтарымды көші-қон қайтып келетін мигранттарды (репатрианттарды) орналастырудың және тартудың мемлекеттік бағдарламалары, сондай-ақ ерікті қайтып келу және қайта ықпалдастыру бағдарламалары (ЕҚКҚЫК) болғанда және іске асырылған жағдайда байқалады. Қайтарымды көші-қонның барынша ауқымды бағдарламаларын қазіргі уақытта Израиль, Германия, Ресей Федерациясы, Греция және Қазақстан іске асыруда. Осы елдердегі мемлекеттік бағдарламалар бірнеше жыл бойы мақсатты бағытталған, нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекет бюджетінен қаржыландыру бар.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика