• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР

Автор:admin

Мар 19, 2023
Spread the love

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы басталды.

Түркістан облысы — еліміздегі сайлаушылары ең көп өңір. Мұндағы 941 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастады. Бұл орайда, Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек, Келес аудандарында жергілікті халық бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр. Азаматтар саяси науқанға көтеріңкі көңіл күймен келіп, өз таңдауларын жасауда. Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жасақталған.

Бұл — сайлау демкоратияның жарқын көрінісі. Себебі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңадан сайланады. Оның үстіне Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы бірге өткізілуде. Облыста сайлауға 1131 кандидат түсіп жатыр. Олардың 19-ы Мәжіліс депутаттығына үміткер. Партиялық тізім бойынша 6 партиядан 79 адам тіркелген. Ұсынылған кандидаттардың 1007-сі – ер, 124-і – әйел адам. Ең жасы 21-де, ең үлкені – 70-жаста. Жалпы облыс бойынша тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 1 млн 168 мыңнан асады.

Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған.

Ал сайлаудың әділ, әрі заң шеңберінде өтуін үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушылар мұқият қадағалап отыр. Олардың арасында халықаралық байқаушылар да бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика