• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТЕРІСКЕЙДЕ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Ноя 8, 2022
Spread the love

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мемлекеттен былайғы жұрт «собез» атап кеткен мекемеден көмек алатындарға Созақ ауданында да көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Cоның ішінде Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен  қолға алынған ұлттық жобаның ісінде де ілгерлеу бар. Бүгінде бұл жобаның маңыздылығын жалпақ жұрт ұғынып білді. Көптеген тірліктерге тетік болған бағдарламаның берері мол екенін де түсінді. Әңгімеміздің әлқисасында осы жобаның теріскейдегі тынысына тоқталайық… Одан кейін жұмыспен қамту мен мүмкіндігі шектеулі жандарды көлікпен тасымалдау туралы айтамыз. Әңгіме ауанынан үйде көмек көрсету жайы да тыс қалмайды. Одан кейін психоллогиялық сүйемелдеуді тілге тиек етеміз. Соңында шипажайға жолдама берумен бұл мақаламызды қорытындылаймыз. Қалай болғанда да бұл өңірдегі әлеуметтік саланың  сан қыры жайын жан жақты қамтып, көзі қарақты оқырманға Созақтағы әлеуметтік салада жасалып жатқан жұмысты мейлінше көрсетуге тырысып бағамыз. Айтарымыз көп, ал жасалып жатқан жұмыстарға көзі қарақты оқырман өздеріңіз баға беріңіздер. Бастысы барша қауымға мемлекеттен жан жақты жәрдем болып жатқанын ұғындырмыз келеді. Әсіресе ұлттвқ жоба ел үшін таптырмас тиімді бағдарлама. Алма піс, аузыма түстің керін кимеген болсаңыз, кәсіп ашып, немесе бар  кәсібіңізді ары қарай ілгерлетуге септігі мол. Кез келген тірліктің еңбекпен келетінін ескерсек, екі қолға бір күрек іздеген бұқараның бір бөлігінің соның ішінде ниеті барлардың жоғын түгендеп, барын бүтіндеп, бір ізге салып беретін бұл жобаның шарапатын көруге тиет бар болса болғаны…

Ұлттық жоба жұмыс істеуге ниеті барлардың жоғын түгендеп, барын бүтіндеп береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылдың12 қазанда №728 қаулысымен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» (әрі қарай – Ұлттық жоба) бекітілді. Ұлттық жобаның мақсаты-кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету; Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту; Экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену; Кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту.

2022 жылы Кешенді жоспарды іске асыру аясында  2700 адамды Ұлттық жобамен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне нақты2534адам қамтылып отыр немесе жылдық жоспар 93,9пайызға орындалған, тиістісінше жұмыссыздар, өздігінше жұмыспен қамтылғандар жоспарға сәйкес қамтылуда.

217адам – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 2059 адам –  жұмыссыздар, 258 адам — жұмыс іздеушілер.

Ұлттық жобаның бірінші жобасы — «Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту» шеңберіндежұмыс берушілердің өтініміне сәйкес оқу орнында жұмыссыздарды оқытуға 15 адам, жұмыс орнында оқытуға 9 адам жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 15 адам оқу орнына және 9 адам жұмыс орнына қысқа мерзімді оқуға жолданды.

«enbek.kz» платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайын оқытуға 2022 жылы 80 адамды оқыту жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне73 адамды онлайн оқумен қамтамасыз етілді. Ұлттық жобаның екіншіжобасы — «Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» шеңберінде 2022 жылы қоғамдық жұмысқа 900 адам жоспарланса, 1 қыркүйегіне 1079 адам қамтылып, жоспар 119,9пайызға орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орнына100 адам жоспарланса, 1 қыркүйегіне 83 нысаналы топтағы азаматтар жолданып, 83 пайызға орындалған.

Жастар практикасына 160 адам жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 144 адам жолданып, 90 пайызға.  «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 17 адам жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне15адам жолданып, 88,2 пайызға орындалған. «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы бойынша 1 адам жоспарлануда.

«Күміс жас» жобасы бойынша 2022 жылы 15 адамды қамту жоспарланып, 1 қыркүйегіне 11 адам қамтылды.

Ұлттық жобаның үшінші жобасы- «Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» шеңберінде70 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 400 АЕК(1 225 200 тенге) мөлшерінде  қайтарымсыз грант беру жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 10 адамға қайтарымсыз грант берілді.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 133 адам оқыту жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне308 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқуға қатыстырылып, 227 адам оқуды аяқтады.

2022 жылы 970 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, 1 қыркүйегіне2119 жаңа жұмыс орыны(787 тұрақты жаңа жұмыс орны – шағын және орта бизнеспен айналысушы кәсіпкерлер арқылы, 1332 уақытша жаңа жұмыс орны – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы арқылы) ашылып, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жаңа жұмыс орындарына 152 адам қамту жоспарланса, жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданғаны 188 адам жолданды, жоспар 123,7пайызды құрап отыр.

2022 жылы 1 қыркүйегіне 787 адам бос жұмыс орындарына орналастырылып, жылдық жоспар 65,6пайызға орындалды (жылдық жоспар-1200 адам).

2022 жылдың 1 қыркүйегіне бойынша 94 мүмкіндігі шектеулі мүгедектер шараға қатыстырылды. Оның ішінде:  қоғамдық жұмыспен — 65;тұрақты жұмыс орнымен — 15 азамат; әлеуметтік жұмыс орнымен — 2 азамат;жастар практикасымен – 3 азамат;«Күміс жас» жобасы бойынша – 2 азамат; қысқа мерзімді оқуға – 4 азамат; грант – 3 азамат қамтылды.

Белсенді және ұзақ өмір және тең қоғам әлеуметтік орталығы ашылды.

Қазіргі «Аманат» партиясының 2025 жылғы дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша «Тең қоғам»  орталығын ашу қажеттілігі айтылған.   Осыған сәйкес аудан орталығынан арнайы ғимарат беріліп демеушілер есебінен ғимаратқа  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапары барысында орталықты ашып, ардагерлермен жүздесті.

— Аға буын қарияларға құрмет көрсету — ұрпаққа парыз. Біздің қазыналы қарттарымыз денсаулығын түзеп, бақытты өмір сүруі тиіс. Пайдалануға берілген жаңа нысан көпшілік сұранысын қанағаттандырады деп сенемін, — деді облыс әкімі.

Жаңадан пайдалануға берілген орталықта ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жанына қажеттінің бәрі бар. Орталық мүгедектерге және олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрмыстық және әлеуметтін дағдыларға оқыту мен техникалық құралдарды пайдалануды үйретеді. Сондай-ақ спорттық дене шынықтыру, массаж, көңіл сергіту шаралары, зияткерлік ойын түрлері мен рухани- танымдық шаралар өткізуге жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен зейнеткерлік жастағы азаматтардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырылады. Мұнда демалушылар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын түзейді. Күніне 30 мүмкіндігі шектеулі азамат пен ардагерлерге қызмет көрсету жоспарланып отыр.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КҮН КӨРІСІ ӨТЕ ТӨМЕН ОСАЛ ТОПТЫҢ ТАЛҒАЖАУ ТЕТІГІН ТАУЫП БЕРІП ЖАТЫР

Ардагерлермен  жұмыс және  жалғызілікті  қарттарға  үйде  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  көрсету  бөлімшесі  2  түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Әлеуметтік көмек көрсету секторында 4 қызмет түрі, Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 8 түрлі, АХАТ саласы бойынша 10 түрлі, Жұмыспен қамту орталығында 4 түрлі қызмет көрсетіледі.  2022 жылға атаулы әлеуметтік көмек  758  отбасыға 3654 адамға  тағайындалды.

Тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Адал» партиясы демеушілігінен 100 отбасына 100 қап қартоп таратылды.

«Қамкорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224  адамға көмек (азық-түлік, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілді.

 

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек   көрсету  бөлімшесінің  жұмысына тоқталсақ…

Ауданда бүгінгі таңда  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі дайындаған жеке оңалту бағдарламалары бойынша бөлім тарапынан «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне олардың орындалуы туралы деректер мен есептіліктер енгізіліп отырады. Яғни, мүгедектерді әлеуметтік оңалту, олардың анықталған қажеттіліктері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі әзірлеген мүгедектің ЖОБ-сы міндетті түрде   «Е-Собес» ААЖ-де көрінеді.

«Үйде әлеуметтік қызметтерін ұсыну үшін» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  2022  жылы жергілікті бюджеттен  қаржы бөлініп, жеке оңалту бағдарламасы негізінде 147  мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға 31 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.

«Әлеуметтік такси» және «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, «Ашық» конкурс өткізіліп, «Самғау Биік» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, тиісті келісім шарт негізінде қызмет атқаруда.

Жалпы, оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы бойынша бүгінгі таңда  78,3  % болды.

 

              Күндізгі қатынау және әлеуметтік психологиялық  сүйемелдеу бөлімшесінің жұмысы жайында да айтарымыз бар

 

Бүгінгі таңда Шолаққорған ауылының орталығында Күндізгі қатынау және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесінде 40 балаға 2 сағаттан әлеуметтік қызмет көрсетіліп оларға; әлеуметтік маман, дефектолог, психолог, логопед, мәденей ұйымдастырушы, айқындаушы, медбике, массажист  мамандар қызмет көрсетеді. Ондағы мақсат мүмкіндігі шектеулі балаларды  өмірге деген құштарлығын ояту, оларды ортаға бейімдеу, өнерге қызықтыру, еңбекке үйрету, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру, өмірде өз орнын табуға баулу.

Балалардың келіп кетуіне келіп кетуіне инватакси және  әлеуметтік такси қызмет көрсетуде.

Атаулы мереке күндері қызмет алушылармен бірге мерекелік іс-шаралар мен ертенгіліктер ұйымдастырылып отырады. Ағымдағы жылдың наурыз айында  «Жыл басы наурыз»  тақырыбында  мерекелік ертенгілік ұйымдастырылса, 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында «Біз бақытты баламыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

«Біз бақытты баламыз» іс-шараға ата – аналар, «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелері  балаларға демеушілік жасады.

 

Ардагерлермен жұмыс және жалғызілікті қарттарға үйде    әлеуметтік  көмек көрсету бөлімшесінің  жұмысы.

Шипажайға жолдама алғандардың әлеуметтік саланы басқарып отырғандаррға айтары шексіз.

2022 жылдың 8 айында  жыл басынан аудандық  бюджеттен  бөлінген  қаржыға шипажайларға 156 зейнеткер   дем алып  келді. Облыстық  басқармадан  берілген  қаржыға  барлығы  152 зейнеткерлер   демалып  келді.

2022 жылдың 8 айында аудан  бойынша  83 жалғызілікті  қарттар  әлеуметтік  қамқорлыққа  алынған.  Оларға  18  әлеуметтік  қызметкерлер  бекітілген  кесте  бойынша  қызмет  көрсетуде. Бүгінгі  таңда  қамқорлыққа  алынған  43 жалғызілікті  қарттарға  демеушілер  арқылы қаржылай,  заттай, азық-түліктер  алынып берілді.

2022 жылдың 8 айында 15 ақпан  Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстан  жерінен  шығарылған  күніне  байланысты  аудан  көлеміндегі  18  Ауған соғысының  ардагерлеріне  көмек берілді.

2022 жылдың 8 айында 8 наурыз  халықаралық  әйелдер  күніне  байланысты  аудан  көлеміндегі  1013  Батыр ана, Алтын алқа иегерлеріне  көмек көрсетілді.

9 мамыр  Ұлы  Жеңістің  77  жылдық  мерекесіне  байланысты   аудандық  маслихаттың   шешіміне  сәйкес, аудандық  бюджеттен  2 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000  теңге  қаржы  берілді. Сондай-ақ, 237 тыл ардагерлеріне  5 Чернобыль  апатына  қатысушыларға 17  ҰОС мүгедегіне  теңестірілгендерге 12  ҰОС мүгедегінің жесірлеріне  көмектер берілді.

30 тамыз  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» Семей   ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 69 азаматтарға жәрдем берілді.

Алдағы уақытта 1 қазан Қарттар күніне орай  83 жалғызілікті қарттарға қаржылай көмек беріледі.

Сағындық Жанысбай

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика