• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ (-2-)

Автор:admin

Сен 4, 2024
Spread the love

Өңірде жұмыссыз жүрген жастарды мүмкіндігінше әскерге баулу мақсатында жұмыстар қолға алынған. Жастарды әскери оқуға жіберу бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда. Оған қоса жастарды отаншылдыққа, әскери бағытта тәрбиелеу, мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысты мәселелер қозғалды.
Жиын барысында Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев әскерге шақыру бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, бұл жұмыстардың үздіксіз жүргізілетінін айтты.
Цифрландыру бағдарламасы аясында қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты режимде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика