Түркістандық жас шахматшылар Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан кезекті жарыстан жеңіспен оралды.
Шахматтан Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, Әсия шахматтың классика түрінен 1-ші, блицтен 2-ші орын алса, Нұрислам блиц түрінен жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, көпшілікті қуантты.
Екі шахматшы да Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» спортшылары.
Айта кетейік, Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионатына Қытай, Үндістан, Ресей, Иран сынды 33 елден 650 спортшы қатысты. Онда 7-18 жас аралығындағы спортшылар шахматтың рапид, блиц, классика түрінен сынға түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі