• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДРАМАТУРГИЯ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Июн 27, 2024
Spread the love
Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауының қорытындысы жарияланды. Созақ ауданынан келген драматург Айдарбек Байділда жеңімпаз атанып, 1 млн теңгеге ие болды. Бүгін Түркістан музыкалық драма театрында осы байқауға орай өткен баспасөз жиынында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын, жазушы Нұржан Қуантай бәйгенің жүлдесін табыстады.
Сәуір айында аталған театр Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялаған еді. Бәйгеге көптеген өтінім түсіп, түскен шығармалар ішінен «Ән-ғұмыр» атты пьесасы жүлделі орынға ие болды. Түркістан музыкалық драма театрының 4-ші маусымы енді қазақтың ән падишасы – «Шәмшімен» ашылады.
Баспасөз конференциясына сыншы, мәдени сарапшы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма хатшысы Әлия Бөпежанова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі, Қазақстанның театр сыншылар бірлестігінің вице-президенті, өнертану кандидаты, театртанушы Амангелді Мұқан, жазушы-драматург, режиссер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы Асылбек Ихсанов, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, жазушы-драматург, әдебиеттанушы-ғалым Әлібек Байболов, Түркістан музыкалық драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан, көркемдік жетекшісі және әдеби бөлім меңгерушісі Шынар Омарова қатысты.
Айта кетейік, Айдарбек Байділда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Зейнетке дейін аудандық мектептерде ұстаздық қызмет атқарған. осыған дейін өлеңдері арқылы танымал болса, ал қазір қазақ драматургиясында пьесалары өзіндік орнын таба бастады. Шығармашылықпен бірге ұстаздық жолды да қатар алып жүрді. «Ұстаз» пьесасы осы қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдың қиыр жолдарына арналды. «Алтын орданың алтын тағы», «Қайта оралған бақыт», «Жахид», «Тағдыр тауқыметі», «Әлияның биігі», «Жаным – арымның садағасы», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Күнә мен жаза», «Орындалған тілек», «Өтіріктің шегі», «Махаббат пен достық», т.б. пьесаларындағы образдар – өткен және жаңа заман бейнелері. Аталған пьесалары Созақ ауданы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Алматы театрларында қойыла бастады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика