Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен аудан жастары арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып, түнгі рейдтік жұмыстары күшейтілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мен ойынханалар мен көңіл көтеру орындарында, көшелер мен түнгі клубтарда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасынсыз жүруіне жол бермеу, түнгі қалада автокөлік жүргізушілерінің масаң күйде көлік жүргізуіне тосқауыл қою, жол көлік аппаттарының алдын алу болып табылады.
Атқарылған іс-шара кезінде жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруін, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы айтып түсіндірілді.