• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ (-4-)

Автор:admin

Июн 26, 2024
Spread the love

Сонымен қатар, ҰҚК ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді.
Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді.
ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал объектілерді, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда Қазақстанда діни экстремизмнің алдын алуда ең негізгі субьект — мемлекет болып тұр. Осы бағытта жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басты мақсаты — Қазақстанды жат діннен сақтауға ұйытқы болу.
Жиын соңында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда бірінші басшыларға заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика