Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының мәжілісі өтті.
Қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Дария Нұрышова, Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Ербол Назаров, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ерік Сейсенов және тиісті бөлімдердің мамандары қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның біріншісі — Арыс ауданының полиция бөлімімен террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру нәтижелері туралы болса, екіншісі — Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша түсіндірме:
Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақтар тақырыптарының нұсқалары:
1. Террористік сипаттағы қатер төнген кезде алғашқы ден қою шаралары.
2. Жарылғыш құрылғыға ұқсас күдікті затты анықтаудағы әрекеттер.
3. Қауіп жазбаша нысанда түскен кездегі іс-қимыл.
4. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл. Басып алу объектісіне айналған адамдардың (кепілге алынған адамдардың) іс-қимылы.
5. Террористік актілерге жол бермеу мақсатында объект персоналының қырағылығын күшейту жөніндегі шаралар.
6. Тиісті өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі. Тексеру жабдықтары мен металл детекторларын пайдалану әдістемесі…