Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Мұрат Тлеубердиев 1973 жылы 20 қарашада Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.
Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментін басқарды.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.