• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!

Автор:admin

Апр 6, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ұйымдастыруымен Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері Р.Тоғайбек, Ж.Юсановтың қатысуымен Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында жастарға этномедиацияны дамыту, жанжалдардың алдын алу профилактикасы мен жанжалдан кейінгі белсенді реттеулер тақырыбында кеңінен түсіндіріліп, пікірлер алмасылды.
Медиация институтының қызметі азаматтардың даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында ымыраға келуге дайындығын көрсететін, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды маркерлерінің бірі болып табылады.
Даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлармен үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Келіссөз жүргізуші-этномедиаторларды даярлау жүйесін қалыптастыру тәсілдері, тиісті оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері, этномедиаторларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде қоғамдық медиация институтын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Қойылған міндеттерді жоспарлы және дәйекті іске асыруға мүмкіндік беретін жұмыс пікіралмасулар өткізіліп, олардың қорытындылары талқыланды.
Кәсіби емес медиаторларды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Медиатор мен қызығушылық танытқан этномәдени бірлестіктер өкілдері түрлі курстар мен семинарларда тегін оқытылды. Даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлар үлкен жұмыс жүргізуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика