— Тиісті тексеру. Университет үшінші тұлғалар мен жұмысқа орналасуға кандидаттарды қабылдау немесе іскерлік/еңбек қатынастарын жалғастыру туралы шешім қабылдау алдында олардың сенімділігі, сыбайлас жемқорлықтан бас тартуы және мүдделер қақтығысының болмауы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.
— Тұрақты бақылау және тұрақты мониторинг принципі. Университет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жай-күйіне мониторинг жүргізеді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша енгізілген рәсімдердің сақталуын және олардың тиімділігін, ішкі актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу, білім алушылар мен қызметкерлер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
— Өзара әрекеттесу және үйлестіру. Университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы мемлекеттік органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.
— Жариялылық принципі. Университеттегі сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпаратқа жедел реакциямен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы көрнекі материалдарды (плакаттар, стендтер) барлық жерде орналастырумен қамтамасыз етіледі.
Жиын соңында Мақтаарал ауданы әкімі, комиссия төрағасы Б.Асанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мақсатында тиісті тапсырмаларды берді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, басшылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Колл орталығына (1424 ) дереу хабарлау керектігін ескертті.