• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті жиналысы өтті (-3-)

Автор:admin

Июн 28, 2024
Spread the love

— Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік. Университет өз қызметін жүзеге асыру кезінде кез келген нысанда және көріністе сыбайлас жемқорлықтан толық бас тарту қағидатын ұстанады. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік қағидаты университеттің лауазымды тұлғаларына, уәкілетті тұлғаларына, профессор-оқытушылар құрамына және өзге де қызметкерлеріне, сондай-ақ университет атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін адамдарға тікелей немесе жанама түрде, жеке өзі немесе қандай да бір делдалдық арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысуға қатаң тыйым салуды білдіреді.
— Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу (профилактика) қағидаты келесі жолмен жүзеге асырылады:
— Комплаенс-бақылау бөлімшесі және университеттің өзге де құрылымдық бөлімшелері жүргізетін түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
— білім беру процесіне қатысушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы пәндерді оқытуды енгізу;
— меритократия қағидатына негізделген профессор-оқытушылар құрамының кадрларын іріктеу, мансаптық өсуге үміткер, конкурстарға қатысу үшін ұсынылатын кандидатураларды жария (алқалы) сипатта талқылау.
— Қызметкерлерді тарту. Университет өзінің лауазымды тұлғаларын, уәкілетті тұлғаларды, профессор-оқытушылар құрамын және өзге де қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері туралы хабардар етеді және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысуын құптайды…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика