Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Саховтың төрағалығымен 2023 жылдың 3 ай көлемінде атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Айта кетсек, ауданда жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың тіркелімі 8.3%-ға жоғарылаған. Ал ашылымы 83.8%-ға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 10.7%-ға жақсарған. Жиын барысында осы және басқа да жұмыстар бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшылығы есеп беріп, баяндама жасады.
Есептік жиын соңында полиция полковнигі Қ.Сахов жеке құрамға бірқатар сын-ескертпелер жасап, ҚР ІІМ, ПД тарапынан берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауға шақырды. Алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.