• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КӘІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ «ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ» АЯСЫ КЕҢ

Автор:admin

Ноя 9, 2022
Spread the love

Елімізде азаматтардың өз ісін ашуы және дамытуы үшін жағдай жасауға барынша ден қойылған. Әркімнің өз-өзін жұмыспен қамтып қана қоймай,  жанұясына шарапаты тиетіндей жобалардың жүзеге асырылуына мемлекет тарапынан мүмкіндік мол. Бұл үшін қолдау да ауыз толтырып айтарлықтай болып жатыр. Үкіметтен  берілетін қаржы мақсатты жұмсалып жатыр. Яғни субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлер жұмысын жандандыру және олардың қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту бүгінде толыққанды екшеліп біткен. Сондықтан 2021 жылдан бастап өміршең жоба дүниеге келді. Оның мақсаты — кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені төмендету, субъектілер үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру. Ең бастысы қазіргі заманғы сауда форматтарын, оның ішінде өндірушіден тұтынушыға дейінгі толық циклді инфрақұрылымды қалыптастыру. Ол «ұлттық жоба» деп аталады. Бір жылдың ішінде бұл жоба не берді? Кімдер шарапатын көрді? Сауалдың жауабы Сарыағаш аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Динара ханыммен болған сұхбатта.

-Сарыағаш ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы «Ұлттық жоба» аясында атқарылып жатқан тірліктердің легімен бөліссеңіз. Сосын оның маңыздылығы туралы не айтасыз?

-Біздің Сарыағаш ауданындағы азамат-азаматшаларға  «2021 жылы қабылданған Ұлттық  жобаның шарапаты айтарлықтай тиіп жатыр. 2025 жылға дейін созылатын бұл кәсіпкерлікті дамыту жобасының маңыздылығын соңғы жеті айдың өзі дәлелдеп отыр. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы биыл бұл шараға 6603 азамат жұмылдырылады деп күтіліп еді. Осы жылдың 7 айында 4060 азамат жұмыспен қамту шарасына қатысып, жоспар 61.4 пайызға орындалды. Санаттарға бөлетін болсақ,    — нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар 285. жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 1476 болса, жұмыс іздеп келушілер екі мыңнан асты. Жалпы ұлттық жобаның ең бірінші көксегені кәсіпкерлер қатарын арттыру. Соның ішінде кіші кәсіпкерлікті орта деңгейге көтеру.  Басты мақсат кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету; Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;  экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;  кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып отыр.  Жалпы айта кету керек Ұлттық жоба төмендегі тізбектен жасақталған.

  1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.

 

  1. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

 

  1. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

 

  1. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.

 

  1. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

 

  1. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

 

  1. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.

 

  1. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.

 

  1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

 

  1. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.

 

Бұл жобалар президенттің 2021 жылдың 7 қазанындағы №670-ші Жарлығымен бекітілген екен. Бүгінде өзінің жемісін беріп жатыр. Ал біздің тараптан жасалып жатқан жұмыстар осы жобаның шеңберінде ел игілігіне жарап жатыр. Түсінікті болу үшін тарқата түссек, саясаткер Тоғжан Қожалы өзінің Facebook-тегі парақшасында  ҚР Үкіметі мақұлдаған 10 Ұлттық жобаның тақырыптары жақсы. Енді сол жобалардың толық құжаттарымен таныссақ, оларды жүзеге асырудың жоспарынғ бағытын білсек жақсы», — деп еді. Осы жоба  қолға алынғалы өз басым өте қатты іздендім. Әсіресе біздің салаға қатысты, «Айқын ақпарат» салған мәлімет өте ұнаған болатын. Онда «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бизнес белсенділігін арттыруға, кәсіпкер санының өсуін жеделдетуге, жаңа нарықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Мұнда 10 міндет, 30 көрсеткіш, 69 іс-шара белгіленген. Қаржыландырудың жалпы көлемі 8,5 трлн теңге, оның 1 трлн теңгеден астамы – республикалық бюджеттен, 125 млрд – жергілікті бюджеттен. 7,3 трлн теңге жеке инвестиция тартамыз», – деді Ә.Ерғалиев. Сол кездегі нақты ақпарат — Бұл Ұлттық жоба аясында елде жеке кәсіпкерлікпен айналысуға жағдайлар жасалады, бизнеске қажетті еңбек ресурстары даярланады, субсидияланатын жұмыс орындары ұйымдастырылады. Құжаттағы басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлік үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және экономикадағы мемлекеттің үлесін төмендету. Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында 690 мың шағын және орта бизнес субъектісі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады. Көп форматтағы сауда объектілерінің саны 6-дан 132-ге дейін ұлғайтылады. Жекешелендіруді өрістету мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін қысқартпақ. Шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-дегі үлесі 2025 жылға қарай 35%-ға дейін ұлғаюы тиіс.

 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы базалық қызметтерге тең қолжетімділікті және еліміздің көліктік байланысын нысанаға алады. ҰЖ өңірлер арасындағы қатынасты және бір облыс ішіндегі елді мекендердің бір-бірімен тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Әйтпесе, мысалы Петропавлдан, Қостанайдан өз өңірлерімізге емес, Ресей өңірлеріне қатынау әлдеқайда жеңіл. Жоба 4 міндет, 20  көрсеткіш және 94 іс-шарадан тұрады. Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңге: республикалық бюджеттен 4 трлн, жергілікті бюджеттерден 786 млрд теңге, 2,8 трлн теңгесі – жеке инвестиция, деп көрсеткен болатын.  Былтыр шыққан бұл ақпаратта:

Нәтижесінде, 16 мың шақырым сумен жабдықтау және кәріз желілері тартылады. Қытай-Еуропа-Қытай транзитінің өткізу қабілеті 5 есеге өседі. Қазақ-өзбек алыс-берісі мен барыс-келісін дамытатын «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты пойыз магистралі салынады. Қалалар мен ауылдар 100% ауызсумен жабдықталады. 2025 жылдың соңына дейін даму әлеуеті бар 3 561  ауыл жаңғыртылады, делінген еді. Шатаспасам,

–103 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Республикалық авто­жолдардың бәрі және жергілікті жолдардың 95%-ы жақсы жағдайға жеткізіледі. Автомобиль жолдарының сапасын арттыру транзиттік жүк ағыны көлемін 2025 жылға қарай 30 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді сол кезде министр Әсет Ерғалиев.

Егер тек осы үш ұлттық жоба тиімді іске асырылса, соның өзі 5% тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге, халықтың табысын 27%-ға арттыруға және 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға жеткілікті екен.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында ұлттық руханиятты дамыту, ел рухын көтеру мәселелеріне мән берілген. 250 жаңа мәдени нысан салынып, 1 200 нысан күрделі жөндеуден өтпекші болып жоспарланған. Менің салам елді еңбекпен қамтуға бағытталған соң, ойланамын ғой, осынша тірлік қолға алынса, қаншама адам еңбекке тартылар еді.

Сөзіңізге қарасам, жан жақтылық пен құлағыңыздың түріктігі және ізленімпаздығыңыз байқалады. Осы сұхбатта қаншама ақпаратпен бөлісіп тастадыңыз. Жалпы кез келген машықтың оқумен келетіні бесенеден белгілі… осы орайда сіздердің барлық деңгейдегі мекеме тарапынан кәсіпке оқыту оң жолға қойылған. Сарыағаштағы ахуалды саралап берсеңіз…

-Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ең алдымен аз уақыттың ішінде кәсіп меңгеруге пайдасы мол. Одан кейін, мемлекет маған қарыз деп «аузын ашып, алақан жайып» отыратын масылдықты түп тамырымен жоюға пайдасы бар. Өзін өз осы арқылы жұмыспен қамтып, ары қарай оқығаны мен тоқығанын кәдеге асырып кеткендер көп бізде. Мемлекет те осы орайда бұл бағытты қаржыдан қысып жатқан жоқ. Мәселен осы соңғы жылды алсақ, 77 азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 22 675,0 мың теңге қаржы қаралған. 2022 жылдық тамыз айында ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияда 2022 жылға бекітілген 4 мамандықты оқытатын оку орындар айқындалғанан соң, осы жылдың қыркүйек айынан бастап 3 ай мерзімге 77 азаматқа орталық тарапынан жолдама беріледі.

3 ай мерзімге оқытылатын мамандықтар тізбесіне тоқталып өтсеңіз…

-3 ай мерзімге жеміс көкөніс өсірушіге 20 талапкер, аспазшы мамандығына -20 үміткер, электромонтер мамандығына 20 адам машықтанып шықпақшы. Тағы 17 адам электргазбендәнекерлеуші мамандығын меңгереді. Барлығы 77 жан кәсіп иесі атанып, жұмыс берушінің өтінімі бойынша екі қолға бір күрек табады. Ниеттілері өз кәсібін де аша алады. Жалпы бұл оқуға бірінші кезекте,  9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері, сондай-ақ, азаматтардың өзге санаттары қамтылады.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қандай жұмыстар жасалып жатыр?                                                                       

-Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту- 2022 жылға 320 азаматты «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерінде оқыту жоспарланған. 7 айдың қорытындысмен 175 азамат оқуға тіркелді. Жаңа бизнес идеялары бойынша мемлекеттік грант-2022 жылы 214 азаматқа жаңа бизнес идеяларға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. . 2022 жылдың сәуір айында портал арқылы 1 легіне 51 азаматтың өтінімі электронды қабылданды. Аудандық грант комиссиясында 39 азаматтың бизнес жоспарына оң шешім берілді, 12 адамның бизнес жоспары мақұлданбады. Оң шешім алған 39 азаматтың 2022 жылдың мамыр айында түзілген келсім шартқа сәйкес 1225 200 теңгеден қаржы аударылды.

Жалпы бағдарламаға жұмыссыз азаматтар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан), сондай-ақ ел Үкіметімен белгіленген азаматтардың жекелеген санаттары қатыса алады.

Оларға ауылдық елді мекендер, қалалар, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар; егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмеген жағдайда мүгедектер; зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар; сондай-ақ NEET санатындағы жастар; табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; қоныс аударушылар және қандастар;  ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері жатады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға ынта білдірушілер жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

 

Үміткер оқуға жолдамамен «Атамекен» ӨКП немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына кеңес алуға жүгінеді. Өтініш беруші https://atameken.co сайтына электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеле алады.

Оқу мерзімі – 21 күннен аспайды. Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Бұл туралы толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жер бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. Осы орайда айта кеткен жөн, Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Бастау Бизнес» жобасының түлектері тегін, бастысы қолжетімді білім алып, жеке кәсіп ашып, табыс табуға мүмкіндік алды. Алда талай жоспар бар.

Оның барлығы «Бастау Бизнес» жобасына жаңа серпін берілмек. «Атамекен» ауыл жұртшылығын кәсіпкерлікке оқытып қана қоймай, жобаларды қаржыландырып, сүйемелдеу көрсететін болады. Бұл мақсатқа ел ауқымында микроқаржы ұйымдары құрылып, жеңілдікпен несиелеуге қаржы бөліп жатыр бүгінде.

 

-Үшінші бағыт: «Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша сөз қозғасақ…

 

-Тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту- 2022 жылы 4190 азаматты бос және жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 7 айында бос жұмыс орындарға 2769 азамат жұмысқа жолдандып, жылдық жоспар 66,0 пайызға орындалған. Сонда-ақ жоспарға сәйкес 300 азаматқа әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланған. Осы жылдың 7 аында  10 ай мерзімге 290 азамат жолданып, жылдық жоспар 96,6 %-ға орындалды. Жастар практикасын ұйымдастыру- биыл жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік лицейлердің 500 түлектеріне 12 ай мерзімге жастар практикасынан өту жоспарланған.   2022 жылдың 7 айында  351 азамат жолданып, осы жылдың жоспары 70.2 пайызға орындалды. Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру бойынша 500 азаматқа қоғамдық ақылы жұмысты ұйымдастыруды ойға алып қойдық. Осы жылдың 7 айында 412 азамат жолданды. Жылдық жоспар 82,4 пайызға орындалды. Алғашқы жұмыс орындар-2022 жылы 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланған. Осы жылдың 7 айында 24 азамат жолданды. Жылдық жоспар 80.0 пайызға орындалды.

 

-Көңіл қуантарлық, ауыз толтырып айтарлық іске мұрындық болып жатыпр екенсіздер, Динара ханым, ұлттық жобаға тағы қандай санаттағы жандар қатыса алады?

«2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында 2351 нысаналы топқа жататын азаматтар қатысқан. Атап айтқанда: 612 -көп балалы ана, 29 жасқа дейінгі 1182 жас, 173-мүмкіндігі шектеулі азаматтар,  373 табысы аз жандар,         Пробация қызметінің есебінде тұратын 8 азамат, бас бостандығынан айрылған 1  адам және ата анасының қамқорынсыз қалған 2 адамға шарапаты тиді. Осы орайда сауал кезегін күтпей -ақ, жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы да айта кетейін… Биыл 4 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 503 азамат жұмыспен қамтылды.

Осыншама жұмыстарды жасап жатырсыздар, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жүріп ұжым болып… Үгіт насихат турасына тоқталып кетсеңіз…

-Еңбек бағдарламасы бойынша жүргізілген идеология-2022 жылдың 7 айында 74 мәлімет БАҚ-на  жарияланған. Бұдан басқа ауданның қала, кент, ауылдық округтердегі халық көп баратын үлкен мешітерге Ұлттық жоба бағдарламасының бағыттары көрсетілген баннер ілінген. Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа жұмыс орындар- 2022 жылға 2428 жаңа жұмыс орыны ашылу жоспарланған, 2022 жылдың 7 айында 1904 жаңа жұмыс орны ашылды.

-Жалпы, мемлекеттің әр тиынына дейін есеп берілу керек деп  жатамыз. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша тағайындалған қаржылар туралы мәліметпен бөлісіп өтсеңіз…

-2022 жылдың 7 айында қаржы тағайындалған отбасы саны 2753. 15348 адамға қаржы тағайындалған. оның ішінде;

-465 отбасы шартсыз

-шартты  2143 отбасы

-бас тартылған отбасы саны-145;

Шартты түріне қатысқан 2143 отбасыға жеке жоспары түзілді. Атап айтқан:

—        20 отбасы ірі  қара мал,

—        126 отбасы ұсақ мал

—        694 отбасы қызмет көрсету

—        508 отбасы  құс

—        663 отбасы құрал жабдықтарын

—        4 отбасы жеке кәсібін ашу

—        128 отбасы әлеуметтік бейімдеу шаралары.

-Осы орайда Ұлттық жобаға қатыстыларының ара жігін ажыратып берсеңіз… және де нақты мысал келтіре кетсеңіз…

-Шартты түріне қатысқан 2143 отбасының 168 жанұя мүшелері Ұлттық жоба бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастыруда.  Атап айтқанда, тұрақты жұмыспен 140 адам қамтылған.  10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тұрды. Жастар практикасына 2 адам, қоғамдық ақылы жұмыс орындарына 15 адам тартылса, 1 адам грант алды. Мысал деп қалдыңыз ғой.

Туреева Зарифа Араловна – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатысының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған 2021 жылы мамыр айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған. Сарыағаш  ауданы халықты жұмыспен қамту орталығына 2022 жылы сәуір айында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу мақсатында Порталда өтінім берген. Комиссия отырысында «Кондитерлік өнімдер жəне тəттілер» бастапқы бизнес жобасын таныстыруды жүзеге асырды.  Бизнес-жобасын іске асыруға комиссия оң шешімімен 400АЕК (1225200 тг) көлеміндегі грантқа ие болды. З.Туреева өз қызметін салық органдарында тіркеу арқылы бизнес-жоспарға сәйкес оның нысаналы пайдаланылуын растады. Бұл қаражатқа қажетті мүкаммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алды (тоңазытқыш, миксер, духовка). Кәзіргі таңда өз кәсібімен айналысуда.

-оқ бойы озық көрініп жүргендер санатынан тағы бір мысал келтіре кетсеңіз…

-Исакова Зарипа Аскаровнаны айтуға болады. Ауданымыздағы Самал-1 елдімекенінің тұрғының бес бала-шағасы бар. Көпбалалы ана. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатысының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған 2021 жылы тамыз айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған. Сарыағаш  ауданы халықты жұмыспен қамту орталығына 2022 жылы сәуір айында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу мақсатында Порталда өтінім берген. Комиссия отырысында «Мал шаруашылығы» бастапқы бизнес жобасын таныстыруды жүзеге асырды.  Бизнес-жобасын іске асыруға комиссия оң шешімімен 400АЕК (1225200 тг) көлеміндегі грантқа ие болды. З.Исакова өз қызметін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы бизнес-жоспарға сәйкес оның нысаналы пайдаланылуын растады. Бұл қаражатқа ірі қара мал сатып алды (сиыр). Кәзіргі таңда өз кәсібімен айналысуда.

Бұл санатта Гаухарова Гулнур Калдаровна да бар. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатысының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған 2021 жылы маусым айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған. Сарыағаш  ауданы халықты жұмыспен қамту орталығына 2022 жылы сәуір айында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу мақсатында Порталда өтінім берген. Комиссия отырысында «IDEAL» тігін цехы» бастапқы бизнес жобасын таныстыруды жүзеге асырды.  Бизнес-жобасын іске асыруға комиссия оң шешімімен 400АЕК (1225200 тг) көлеміндегі грантқа ие болды. Г.Гаухарова өз қызметін салық органдарында тіркеу арқылы бизнес-жоспарға сәйкес оның нысаналы пайдаланылуын растады. Бұл қаражатқа қажетті мүкаммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алды (тігін машиналар және тігін стөл). Кәзіргі таңда өз кәсібімен айналысуда.

-Динара ханым, уақыт бөліп осынша мәліметпен бөлісіп, сұхбат бергеніңізге рахмет! Еңбектеріңіз рәтті болсын!!!

Алия Ортаева.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика