• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Үшінші мегаполисте «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қалалық сайлауалды штаб мүшесі Бауыржан Әлтеев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мерлан Керимжанов, Жанар Тойлыбаева, Қайрат Имашев, Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Есемхан Бертаев қаладағы Хамза атындағы №42 жалпы орта мектепте аудан тұрғындарымен кездесті.
Жиында алғашқы болып сөз алған Бауыржан Әлтеев алдағы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып, саяси кезеңде әрбір жанұяның жағдайын жақсартуы мен өмір сұру сапасын арттыруға ықпал ететін сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлармен бөлісті.
«Ұрпақ саулығы дене шынықтырудан басталады. Партия алдағы бес жылдықта тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай жұмылдыруды мақсат етіп отыр. Қала тұрғындарының 42 пайызы жүйелі бұқаралық спортпен шұғылданады. Халық санының ұдайы көбеюіне байланысты спорт нысандары жетіспейді. Осыған орай аулаларда бүлдіршіндерді спортқа баулуға жағдай жасаймыз. 2023 жылы спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 3 дене шынықтыру нысаны салынады. Оның ішінде Абай даңғылындағы Металлург спорт кешені биылғы бірінші жарты жылдықта пайдалануға беріледі.
Біздің міндетіміз – әрбір қазақстандыққа алдағы сайлаудың маңыздылығын жеткізу. Қазақстандық еңбеккерлердің көп бөлігі негізгі қажеттіліктерін өтеуге әрең жететін жалақы алып келеді. Бүгінде Еңбек адамы несие алу мен бөліп төлеумен өмір сүріп жатқандары да бар. Оларды төлеу үшін қосымша жұмыс, лауазымдарды қоса атқару, басқа жерде де жұмыс істеу сияқты қадамдарға барады. Өркениетті және әлеуметтік мемлекетте еңбеккер кедей бола алмайды және болмауы тиіс. Осы орайда, біздің ортақ мақсатымыз — Әділетті Қазақстанды құру. Әділетті Қазақстан дегеніміз – лайықты еңбек, лайықты еңбекақы, лайықты жұмыспен қамту» — деді штаб мүшесі Бауыржан Әлтеев.
Кездесуде күнделікті тұрмысқа қатысты тұрғындардың ұсыныс, тілектері де айтылды. Жиын соңында болашақ халық қалаулылары тұрғындарды сайлауда өз таңдауын жасап, дауыс беруге шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика