Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері полиция подполковнигі Е.Жанысбаев пен полиция капитаны Б. Исмаилов, 93 жастағы қарияның жеке куәлігін жаңартып берді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Тыл ардагері Ғани Зулпыхаров Рабат елдімекенінде 1930 жылы дүниеге келген. Ақсақалдың жеке куәлігінің мерзімі өтуіне байланысты сақшылар үйіне барып, керекті құжаттарды жинақтап, тиісті шараларды атқарды. Нәтижесінде ҚР-ның жеке басын растайтын жеке куәлікпен құжаттандырып, ардагердің үйіне апарып табыстады.
Осы ретте қария өзі секілді қарттарға көмек қолын созып, халқының әрдайым қасынан табылып жүретін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.