Түркістан қаласының полиция басқармасына “Отырар” шағын ауданында бірнеше кәмелетке толмағандар балалар ойын алаңын бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел шешім қабылдап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде көшеде ойнап жүріп, ойын алаңындағы құрылғыларға едәуір зиян келтірген үш жасөспірім анықталды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасаған 6 сынып оқушыларының ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға мұндай әрекеттерге жол бермеу және қоғамдық орындарға құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндірді.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілікті арттыруға, абаттандыру ережелерін сақтауға, ойын алаңдары мен орындықтарды бұзбауға, қоқыстарды тастамауға және қаламызды таза ұстауға шақырады.
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК