• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОТБАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІ АЛДЫН АЛУ: ШЫНДЫҚ ПЕН КЕЛЕШЕК

Автор:admin

Сен 27, 2022
Small model of house and family on blurred background
Spread the love

Әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша заңнамалық шаралар Ұлттық заңнамада балалардың отбасынан ажыратылуы жағдайларын болдырмау бойынша шаралар жазылған. 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 «Балалардық құқықтары туралы» ҚР Заңы Заңда әрбір бала отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар деп жазылған (21 б.). Баланы қорғау мақсатында қажетті жағдай болмаса, баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы бар және баланың еркіне қарсы оны ата-анасынан айыруға тиым салынады (25 б.). «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы Осы Заңға сәйкес балалары бар отбасыларға: баланың тууына қатысты уақтылы мемлекеттік жәрдемақы (отбасының табысына тәуелсіз); отбасындағы балалар санына қарай дифференциалданған көлемде (отбасының табысына тәуелсіз) ол бір жасқа толғанға дейін бала киімі бойынша жәрдемақы; азық-түліктік себет құнынан төмен орташа жандық табыстарымен жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді. «Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы, 2010 жыл Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді – мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға бір минималды еңбекақы көлеміндегі жәрдемақы. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 806 қаулысы. 2010-2015 жылдарға арналған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қорының Операцияның негізгі жоспары жобасын қолдау туралы. Осы ынтымақтастық аясындағы шаралар сонымен қатар әлеуметтік жетімдікті алдын алуға бағытталған. Осы ынтымақтастық аясындағы шаралар сонымен қатар әлеуметтік жетімдікті алдын алуға бағытталған.  Әлеуметтік жетімдікті алдын алу формаларының бірі ақшалай жәрдемақы төлеу түріндегі кейбір әлсіз отбасылар мен балалар санатына қаржылық көмек көрсету болып табылады. Жергілікті бюджет қаражатынан қаржылық көмек көрсетуді Бюджеттік Кодекске, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың басқа да нормативтік-құқықтық актыларына сәйкестікте жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады Ақшалай жәрдемақының түрлері: • Баланың тууына жәрдемақы; • 1 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы; • 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы; • Мүгедек балаларға мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы; • Мүгедек балаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы; • Мүгедек балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы (мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына); • Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға арналған жәрдемақы; • Қорғаншылықпен қамқоршылық жасау бойынша жәрдемақы; • Асыраушыны жоғалту бойынша жәрдемақы; • Көпбалалылық бойынша жәрдемақы; • Мекенжайлық әлеуметтік көмек (МӘК)

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика