• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасы ұрпақтың жалғасы!

Автор:admin

Сен 24, 2022
Spread the love

Отбасы қоғам айнасы екендігі баршамызға аян. Қоғамның дамуына әсер етуші факторлардың бірі ол отбасы. Отбасы болмаса ұрпақтың да жалғасы болмайтынын дана халқымыз сонау қазақ салт-дәстүрлерінен де көрсетіп келеді. Ұрпақты ұлттың жалғасы деп қараған бабаларымыз өзге жұрттан ұрпақ тәрбиесіне деген ынта-ықыласы мен ниеті арқылы озық тұр. Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі» дейді. Иә, атам қазақ сәбиін бесік жырымен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен елітіп, жыр-дастанмен құлақ құрышын қандырған. Ел қорғаған батырды, сал-сері мен ақынды өнеге еткен. Міне, осындай мейірім мен даналықты бойына сіңірген қазақтың қай ұрпағы болмасын ұлттық намысты жоғары қоятын, көргенді, көпшіл болып өскен. Бұл мәселе, яғни ұрпақ тәрбиесі қай кезде де күн тәртібінен түспеуі тиіс. Себебі ұлт келешегі сапалы, саналы тәрбиеде жатыр.

Қазақ жетімін жылатпаған халық. Тіпті, сонау алмағайып заманда балалар үйі болмаған дейміз. Бір қуантарлығы, соңғы кезде елімізде жәутеңдеген қаракөздер саны кеміген. Мұны ҚР Білім және ғылым министрлігі де растайды. Министрлік мәліметіне сенсек, жыл сайын Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаюда. Бұл – өз отбасында бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінен туындап отырған нәтиже. Елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды).

Отбасылық форма тәжірибесін кеңейту мақсатында 2016 жылдың 9 сәуірінде еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі нәтижесінде жетім және қамқоршысыз қалған балалармен қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіншіліктері – асырап алушы отбасы, сондай-ақ, балаларды демалыс және мереке қүндері жанұяға тартатын – қонақтық отбасы сияқты жаңа формалар енгізілді. Бұл қазақстандық отбасылардың қамқоршылық белсенділігін арттыруға басты себеп болды. Сонымен қатар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, балаларды асырап алғысы келетін жанұялардың республикалық мәліметтер базалары құрылып, өз жұмысын белсенді атқаруда. Нәтижесінде биылдан бастап Қазақстандағы барлық жетімдер үйі қиын жағдайда қалған отбасылар мен балаларды қолдау орталықтарына айналады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика