• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы құндылықтарын қалай дәріптеп жүрміз?

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Тәуелсіздік алған кезде отбасы құндылықтарын нығайту жөнінде бірқатар шаруалар атқа­рыл­ған еді. Саналы да білім­ді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы жағдайын қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде, ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар мен гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Сонымен қатар, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиынға соқпайды. Осындай мақсаттарға арналып, республикалық бюджет қорынан 149,7 млрд теңге қаржы қарастырылған, әрі он жыл сайын кемінде 15%-ға артып келе жатқаны жасырын емес. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Мерейлі Отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасы­лар­дың тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да, елі­мізде дәс­түрге айналып кетті. Әлбетте, отба­сы­­лық саясаттан бөлек,араша тұрған отбасы­лық құн­дылықтарды да ұмытуға болмайды. Ол хал­қы­мыздың тарихымен бірге сабақтасып келе жатқан отбасылық дәстүр­лер, этикасы мен мәдениеті болып табылады. Жанұяның қалыптасып, дамуына қоғам­ның қалыптасуының рөлі айрықша маңызды саналады. Отбасы құндылықтарына негізделген салт-дәстүрлерді ұлықтау — әр шаңырақтың өзіндік міндеті болып саналады. Кез келген жанұяның өзгелерден ерекшеленетін құндылықтары болады. Олар бұрыннан келе жатқандар немесе жаңадан пайда болғандар да болуы мүмкін. Алайда, отбасыдағы құндылықтардың негізі махаббаттан, сенімнен, өзара түсіністіктен бастау алып, алдағы өмірде де жалғасын табады десем, жаңылысқандық болмас. Өйткені, олар ғасырлар бойына маңызын жоймайтын құндылықтар. Осы бір құндылықтарды әрбір отбасы көздерінің қарашығындай сақтап,қастерлеп жүретін болса, нұр үстіне нұр болар еді. Кейінгі ұрпақ тәрбиесінде де орасан зор рөлді иемденетіні сөзсіз. Кез келген бүлдіршін — ата-анасынан, тума-туыстарынан және жақын адамдарынан үлгі алып жүреді. Сол себепті, ертеңгі өмірдің болашағы, яғни жас балаға тәрбиенің мәнділігін, оның қаншалықты маңызды екендігін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Ғасырдан ғасырға, жылдан жылға дәстүр болып жалғасын тауып келе жатқан отбасы құндылықтарының мәнін кетірмей, керісінше өркендеп, алға басуына септігімізді тигізейік. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, оларға кір келтірмей жүру — барша халықтың басты парызы.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика