• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасы құндылығы: Баламен қарым-қатынас құру құпиясы. Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз?

Автор:admin

Сен 20, 2022
Spread the love

Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырын ақтарамыз.

Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен

Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу.

Бала болмысын қарым-қатынас өнімі ретінде қарастырсақ…

Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасы.

Сан мың отбасының өзара гармонияда ғұмыр кешуі кез келген өркениетті жұрттың басты мұраты. Айналасына қажеттілігін сезініп, қадірлі екеніне көзі жеткен жанның өміріне мән бітеді.

Тік және көлденең қарым-қатынас: іргетас пен өріс

Қарым-қатынас – үйлесімді, бақытты және шуақты өмірдің бір бөлігі. Әртүрлі белгілер мен өлшемдерге сәйкес қатынастардың бірнеше жіктелімі бар. Енді көлденең және тік қарым-қатынастардың айырмашылығын және оларды шатастырмай, өз уақытында дұрыс қолдану ретін айтайық.

Психология оқулықтарындағы қарым-қатынас классификациясы санаға біршама салмақ түсіруі мүмкін. Қарапайым түрде түсіндірсек, тік қарым-қатынас отбасылық байланыста жиі көрінетін иерархия түрінде жүреді. Іңгәлап жарық дүние есігін жаңа ашқан сәби ақ парақтай пәк. Ал соған ақпар жазып, болмысын бедерлейтін бәдізшілер – ата-ана, қоршаған орта.

Даму барысында бала алдымен вертикальды байланыстарға сүйенеді, ол толығымен ата-анасына немесе отбасының басқа мүшелеріне байланысты. Ана баласына мейірін төгіп, махаббатын арнаған соң әкеге қарай ауа бастайды. Әкесімен байланыс орнатқан соң, ата-әже, бауырларымен қатынас түзейді.

Баланың даму кезеңіндегі тік (вертикаль) қарым-қатынас / Informburo.kz

Бірақ есте тұтатын бір жайт – әркім өз орнында болуы керек, төменнен жоғары қарай ретімен. Мысалы, ананың алдына ата-әжесінің түсіп кетуі психикалық қолдаудың жетіспеушілігіне алып келуі ықтимал. Отбасы мүшелері сәбидің болмысын, дүниетанымын қалыптастырады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген осыдан. Тіпті мамандар бала тәрбиесі құрсақта емес, ата-анасының болашақ бала туралы ойланған сәтінен басталатынын айтады. Қазақ оны «сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді»дейді.

«Баланы жастан…» деген дәстүрлі тағлым бойынша Эдип комплексі, Маугли синдромы, басқа да маңызды кезеңдерді сәтті өткеру ата-ана үшін ең ұлағатты уәзипа. Психология ғылымының осызаманғы нұсқаулығы бойынша, ата-ана балаға 5 жасқа дейін аса мұқият болып, психикасының дұрыс қалыптасуына жағдай жасауы тиіс.

Бала өсіп, есейген сайын құрдастарымен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді. Біртіндеп достар шеңберін құру арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Алаөкпе асқынғанда, өтпелі шақта жасөспірім ата-анаға қарағанда құрдастар-құрбыларына көбірек көңіл аударады. Бұл – заңдылық.

Тұлға → ағайын → туыс → дос (сырлас) → сыныптас/группалас → көзтаныс → ұстаз → әріптес → кумир …

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика