• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасы татулы­ғы мен үйлесімділігі

Автор:admin

Сен 24, 2022
Spread the love

Отбасындағы татуылық пен сыйластық ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты. Ата-ана мен бала және ерлі-зайып­тылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек қана отбасы мүшеле­рінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. А. Некрасов өзінің «Материнская любовь» еңбегінде отба­сындағы татулық, үйлесімділік көбіне ананың еншісінде деп есептейді. Осы автордың ойынша көптеген жастар «махаббат» пен «ғашық» болу сезімін ша­тастырып, отбасын құрады және бірден дүниеге сәби әкеледі. Ғашықтық сезім – өткінші сезім, ол әркімде әр түрлі уақытқа созылады. Сондықтан ғашық болған жастар 1-2 жыл жақсы достар болып кездесіп жүріп, сол уақыт аралығында ара­ларында тек түсіністік, бірі болмаса екіншісіне өмір мәнсіз көрініп, ал бірге болғанда бүкіл дүниеде тек екеуі ғана бар, осы адамнан басқа ешкімді қаламай­тындай, байқамайтындай сезім болғанда жастар отбасын құруға, дүниеге сәби әкелуге шешім қабылдаса, олар өмірде кездесетін барлық қиындықтарды бірге көріп, бірін-бірі қолдап тату-тәтті өмір сүрер еді. Өкінішке қарай балғын сезім­мен үйленіп алғасын, кейін ғашықтық сезім тарағанда әйел адамдар өздерінің барлық сүйіспеншілігін балаларына беріп, күйеулері өздерін қажетсіз сезінеді. Осыдан келіп ер адамдар сырттан тіреу, жанын түсінетін, қиындықта медеу бо­латын әйелдерді іздейді. Автордың пікірінше, әйел адам ең алдымен күйеуін жақсы көріп, тату қарым-қатынас жасау арқылы өзінің баласына болашақта отбасындағы сыйластық туралы түсінігін қалыптастарады.

Жер бетіндегі барлық нәрсенің негізі махаббат екені сөзсіз. Ресейлік эстрада әншісі Лариса Долинаның әнінде шырқалғандай: «Бастысы үй-ішіндегі ауа-райы. Қалғанының барлығы жай нәрсе». Ал осы «ауа-райы жұбайлар арасындағы махаббат арқауымен анықталады. Махаббат бұл – отбасылық іргетасты құру кезінде қыз бен жігітті бір тұтас адамдай сезініп, қандай сынақ болса да бір-бірінен ажыраспайтындай ететін сезім. Егер «отбасы» сөзінің мағынасына үңілер болсақ, бұл оның барлық мүшелерінің татулығы мен бірлігін білдіреді. Бұл бірлік махаббатсыз болмайды. Отбасындағы махаббат таңғаларлық ғажайып нәрселер жасайтындығы туралы көптеген өлеңдер, аңыз әңгімелер, прозалар, бейне фильмдер бар. Шынайы махаббат өлімнен құтқарады, қорғаныш, сенімділік сезімін жүрекке ұялатады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика