• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«Отбасы – ошақ қасы адам баласының дүниеге келіп, қанат қағар қасиетті жанұясы.

Автор:admin

Сен 23, 2022
Spread the love

Отбасындағы ата-ана біздің өнеге үлгіміз ол- бала шағамызды тәрбиелеудің негізгі көрінісі. Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»  деген қанатты сөзі осыдан айтылса керек. Біз өнер адамдарымыз. Жолдасым Ерлан Бақтыгерей де өнер адамы. Балаларымыз бізге қарап өнерге бет бұрды. Өнер жолында жүріп, алты баланы дүниеге әкеліп ана атану мен үшін үлкен бақыт. Жаныңда жарың, құшағың толған бала болса, одан асқан ешқандай байлық та, бақыт та  жоқ. Сонымен қатар олардың алдындағы аналық жауапкершілік аса маңызды. Ең бастысы олардың тәрбиесіне кері әсер ететін әдеттерден өзімді аулақ ұстаймын. Өзімде көп балалы жанұяда өстім. Ондай жанұядағы балаларда  бауырмалдық, қамқоршылық болады. Қолындағы барын бөлісетін, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін болашақ адамзаттың болашағы өсіп келеді. Жанұямызда өзіндік ұстанатын салт дәстүр қалыптасқан. Қазір жұмыс барысымен  бір дастархан басында отырмайтын жанұялар көп. Біздің отбасы мүшелері кешкі асты бір дастархан басында міндетті түрде бірге отырып ішеміз. Өз еліміздегі көрікті жерлерде жазғы демалыста бірге дем аламыз. Біздің отбасы береке бірлігі жарасқан бақыттың ұясы. Отбасы мерекесі құтты болсын».
Ал, қазақ отбасына келін болған неміс қызы Инга Әбдірахманова: «Тірліктің күші – бірлікте, бірліксіз істе береке жоқ». Қазақтың осы бір даналық сөзін жүректеріне мықтап түйген отбасының бақыты мен бағы үлкен болады. Менің осыған көзім жетті. Ең бастысы, сыйластықтан ажырамайық»,- дейді. Аналар кеңесінің үлкен буын өкілі, ардақты ана Бану Мұқашева болса: «Уызына жарымаған ұлдан ұлағат күтпе», «Ұлыңды басқа үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма» деп басталатын көптеген тәлімді сөздер болашақ отбасын құрар, әке болар ұлды, ана болар қызды тәрбиелеген. Ізгілік қайнары – отбасынан алған тәрбиенің жемісі мен нәтижесі жақсы әке, мейірімді ана атанғанда белгілі болған, — деп ұлағат айтады. «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес, өзгермейді де.  Ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі отбасындағы тәрбие және ұлттық құндылықты көздің қарашығындай сақтау. Ұлт өмірінің іргетасы, мықты негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының  іргетасы – салиқалы ұл-қыз, яғни бала. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы,  ошақ қасының  аман-саулығы әрбір өркениетті елдің дамуы һәм келешегінің өлшемі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика