• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІ: Агрессор адамның психологиялық терапиядан өтпей өзгеруі мүмкін емес

Автор:admin

Сен 22, 2022
Spread the love

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев осылай деп санайды.

Жалпы агрессор адамдардың белгілі бір психологиялық терапиядан өтпей, өзгеруі мүмкін емес. Сондықтан сізге бір рет қол көтерген адам «уәде берем, кешірім сұраймын», «екінші рет қайталамаймын» деп қаншалықты айтса да, егер психологпен жұмыс істемей, емделмесе, ол әрекетін қайталайды. Екіншісі, қоғамның бұл жердегі көзқарасы: «Шыда, көн, бәрі өзгереді». Әйел – психикасы бұзылған еркекті оңалту орталығы емес. Оның проблемалары бар болса, оған шыдап, төзіп, оны бағудың керегі жоқ. Ол (ер адам – ред.) психологқа барып емделуі керек (!). Махаббат та, бәрі жайына қалады. Өйткені ол – ауру, ауытқу – дейді Ержан Мырзабаев.

Мамандар агрессияның психологиялық жағдай ма, психиатриялық жағдай ма, қайсысына жататын анықтайды.

Психиатриялық жағдай болса, ауруханаға жатып емделуі тиіс. Егер психологиялық жағдай болса, белгілі бір комплекстер, балалық шағындағы «травмаларды» айқындау арқылы емделеді, — дейді психолог.

«Әйел – ана, еркек – пана». Сол үшін ашуға бой алдырмас бұрын ер азаматтарымыз отбасының берекесін кетірмеуді ойласа дейміз.

Қажет болса, мамандарға жүгініп, дер кезінде көмек сұраудан арланбайық. Алланың аманатын арқалаған ерлеріміз шаңырақты шайқалтпай, аналар ошақ отын сөндірмесе екен.

Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта ол – отбасы. Отбасы – белгілі бір дәстүрлердің, жанға жағымды өнегелердің, асыл мұралар мен қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрдің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.ь «Әйелдердің ұстамдылығы мен төзімділігі – тыныштық пен татулықтың тірегі» деген баяндамасында: «Бізге неке және отбасы институтын нығайтып, оның беделін арттыру, адамгершілік құндылықтарды қайта түлету қажет. Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көп балалылық болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтарда ғасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген» – деп ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақ санасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санайды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика