• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы!

Автор:admin

Сен 21, 2022
Spread the love

Қызын сыйламаған ел, анасын бағаламаған үйден береке кетеді. Береке ол құт деген сөз. Құты қашқан елдің арасында құрмет, бауырластық, сыйластық, махаббат, изет, иман, ар, намыс, жауапкершілік қайдан болсын. Қызға қамқор, қызға қалқан болу ол қазақтың басты ұлттық парызы болуы тиіс. Кейде ғаламторда қазақ қыздарын өзара қырқыстырып қойып, оны жарнамалап жатқан көріністер жақсылықтың нышаны емес. Соны түсіріп, сықылықтап күліп қарап тұрған қазақ жігіттеріне қарап-ақ, оларда ұлттық намыстың жұғыны қалмағанын көресің.

Дінді қолданып, тағы сол қазақтың қызын мазақ қылып, тастап кетіп, «жігіттік сөзін» аяқасты еткендерді, онысын тағы да шариғатпен ақтап кетіп жатқан «жігіттерді» естіп, қазаққа келген «жұт жеті ағайынды» екен деген ой келеді. Себебі бұл құбылыстың артында надандық, білімсіздік, жауапсыздық деп аталатын нәпсіқұмарлық мен ойсыздық жатыр. Азғындықтың шегі болмайды. Бірақ азғындықтың басы қазақта оның анаға, қызға деген көзқарасы мен таным түсінігінен бастау алады. «Отан отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Ата-ананың бір біріне қарым қатынасы, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті барлық іс-қимылдары баланың бойына тәрбие болып қалыптасады. «Күн сайын ертеден кешке дейін, отбасында ата-ана, ағайындары тарапынан бала алдында мінез-құлықтың сан алуан үлгілері өтіп жатады. Осының барлығын жас бала бойына сіңіріп өседі. Ал  баланың қоғамға, айналасындағыларға қарым-қатынасының қалыптасуы, туған-туыстарына деген қатынасынан байқалады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөз текке айтылмаған.

Бала тәрбиесі-ортақ іс. Сондықтан кітапханада өткен шара барысында қонақтаржастармен ой бөлісіп, өнегелі әңгімелер айтты. Отбасы әрбір мемлекеттің басты байлығы, баға жетпес қазынасы десек те болады. Әрбір отбасы мүшелері бір-бірімен тығыз ілтипаттық қарым-қатынаста жұмыс жасай білсе, онда мемлекеттің де саладағы саясаты оң өзгерістерге бастау алатыны сөзсіз.

Сондықтан қазақ қыздарынан тілегім, сен тілдің де, сен ділдің де, сен ұлттың да, сен құндылықтардың да орталығысың… Өзісің, кешегі аталар жолы тарихтың көзісің, жанпидалық пен ерліктің де негізісің…Сондықтан бүгінгі қазақ қыздары осыларды сақтай алмасаң саған серт, ал сендерді қорғай алмаса жігіттерге серт! Ант ішпеске де амал қалмады, басқа жол жоқ… Онда ұлт ретінде жойыламыз…

Сөзімнің соңында «отбасында ана мен қызға», қоғамда «ана тіліне», мемлекетте «мәдениетіне қамқор болмаған кез келген саяси институт жойылуға бет түзейді дегім келеді.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика