Бұған дәлел болатын мысалдар да жеткілікті. Атап айтар болсам, 2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр жексенбісінде Қазақстанда отбасы күні өткізіледі. Ал былтырғы жылдың ақпан айында Қазақстанда Бала құқығы бойынша өкілетті институт құрылып, дәл сол жылдың аяғында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты тұжырымдамасы қабылданды. Бұл ғана емес. Күллі ТМД кеңістігі бойынша биылғы жыл Отбасы жылы деп аталып отыр. Бұл бастама өз кезегінде Достастық елдері арасындағы әріптестікке байланысты одан әрмен арттыра түсеріне сенімім мол. Жалпы біздің елімізде отбасылық құндылықтар мәселесі ешқашан да назардан қалыс қалған емес. Тіпті аумалы-төкпелі 90-шы жылдардың өзінде бірқатар маңызы жобалар жасалынды. Атап айтар болсам 1995 жылы Қазақстан Президенті жанына Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселесі бойынша кеңес құрылды. 1998 жылы бұл ұйым ресми түрде Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы болып өзгерді. Тиісінше, оның шекарасы кеңейді, құқықтық құзіреті өсті. Сонымен қатар отбасы құндылығын арттыратын байқаулар да тұрақты түрде өткізіліп отырады. Айталық, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысатын жанұялардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Демек, осы байқау арқылы жас отбасы өзін-өзін тәрбиелеп жатыр, алдындағы аға-апа буыннан үлгі алып жатыр деуге әбден негіз бар. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
R-ақпарат