Қазіргі ата-аналар балаларын тәрбиелегенннен гөрі, әлеуметтік желіге уақытын көп жіберітін секілді. Әсіресе, аналар. Одан кейін ақпарат ағымының көптігі, балаларға көңілді бөлуді шектеп қойған сияқты. Ата-аналар баланың қолына телефонды беріп, компьютердің алдына отырғызып, үстінде киімі бар, қарны тоқ деп жүре береді. Алайда арада «көңіл» деген байланыс жоқ. Ал көңілсіз дүние жақсылыққа апармайды. Мысалы, тамақты көңілсіз жасасаң, тамақ дәмді шықпайды. Ал егер керемет көңіл-күймен жасайтын болсаң, онда тамағың да дәмді шығады. Баланың тәрбиесі де дәл осындай. Ертең балаға көңіл бөлмей тәрбиелейтін болсаң, ол баламен арадағы байланыс үзіледі. Не үшін қазір суицид көп? Біздің Қазақстан ТМД елдері бойынша суицидтен бірінші орында тұрмыз. Неге көп? Себебі, ата-ана мен бала арасында байланыс жоқ. Бала әкені тыңдамайды, әке баланы тыңдамайды. Екеуі сөйлеседі, бірақ бір-бірін тыңдамайды, әңгімелереінде үйдесім жоқ. Көп ата-ана «Балам, тамағыңды іштің бе? Киіміңді кидің бе? Сабаққа бардың ба?» сынды сұрақтар шеңберінде сөйлеседі. Ал баланың жан дүниесімен сырласпайды. Бәрінде «мен асырау үшін ақша тауып, жұмыс істеуім керек» деген сылтау ғана айтылады. Қазіргі ата-аналар жұмыстан шаршап келіп, балаға көңіл бөлмейді. Ал біздің әке-шешелеріміз бұрын шаршаса да бізбен бірігіп жұмыс жасап, бізбен бірге шахмат та ойнап арамызда үзілмейтін көңіл мен байланыс болды. Қазір келін мен ене ғана емес, қыз бен ана да сыйыспайтын заман болды. Неге? Себебі басында кеткен қателік шеше қызымен сөйлеспеген, сырласпаған, арасында байланыс болмаған. Байланыс болмағандықтан қызы шешем мені жек көреді деген оймен өскен. Арадағы байланыс үзіліп қалған. Ал қызы күйеуге шыққаннан кейін анасы қызына ақыл айтқысы келеді, сөйтіп аралары сыйыспайды. Сол үшін қоғамда қазір осындай жағдайлар орын алып жатыр. Неге әкесін ұрып тастайтын ұлдар пайда болып жатыр? Біз тек бергі жағындағы жараның жарылғанын ғана көреміз. Ол жараның астында ірін болады. Түбінде сол ірін жараны жарып шығады. Біз сол жарылған кезін ғана көреміз. Ал ол қайдан пайда болды, оны алдын алуға болатын ба еді деген мәселені зерттемейміз. Біз тек сол ірінді жамандаймыз. Ал басында сол ірінді шығармай емдеуге болады ғой. Ал ол үшін не керек? Ол үшін қазаққа психология керек. Бұл жан әлеміндегі жара. Шетел психоллогтарының кітабын оқып, тренингтеріне бар. Дегенмен олардан алған білімді қазақы болмысымызға байланыстыра білуіміз керек. Ал дұрыс алмаған білімнің еш пайдасы жоқ. Мен өзім де ютюбтан семинарларды көремін. Алайда алған білімді қазақи құндылықтарымызға сай бейімдеп аламын. Ата-аналарға айтарым шетелдің психологтарына жүгірмей, өзіміздің Абай Құнанбаев, Жүсіп Баласұғын шығармаларын оқыңыздар. Қоғамның өршіп тұрған сылтауы ақшам жоқ, кітап алуға мүмкіндігім жоқ деген сөздер. Қол-аяғы бар азааматтардың өзі істейін десем жұмыс жоқ деп, бос жүреді.
R-ақпарат