«Отбасы болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды». Иә, мінсіз отбасы жоқ. Дегенмен, қоғамда үйдегі түсініспеушілік салдарынан отағасынан қорлық көрген әйелдер саны көбеймесе, азаймай тұр.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың соңы ажырасумен, тіпті қайғылы жағдаймен аяқталып жатқан жайттар жиілеп кетті. Статистикаға үңілсек, тіптен қорқынышты… «Отан отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Ата-ананың бір біріне қарым қатынасы, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті барлық іс-қимылдары баланың бойына тәрбие болып қалыптасады. «Күн сайын ертеден кешке дейін, отбасында ата-ана, ағайындары тарапынан бала алдында мінез-құлықтың сан алуан үлгілері өтіп жатады. Осының барлығын жас бала бойына сіңіріп өседі. Ал баланың қоғамға, айналасындағыларға қарым-қатынасының қалыптасуы, туған-туыстарына деген қатынасынан байқалады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөз текке айтылмаған. Отбасы-сыйластық , жарастық орнаған орта,кішкентай Отан. «Отан-отбасынан басталады» дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы-оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті – отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі – балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты.
Некелескен екі жұптың бірі ажырасады
Ұлттық статистика бюросының ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, былтыр елімізде 140 256 неке тіркелген. 48 239 жұп ажырасқан.
Дәм-тұзы жараспағандардың көшін 5281 жұппен бастап тұр.
Тағдырларды тоғыстыратын армандар қаласы атанып кеткен астана бұл көрсеткіштен қалыс қалмаған. 2021 жылы 12 247 жұп елордада некелерін қиса, 4296 отбасының шаңырағы шайқалыпты. Осылайша, елордадағы ажырасу көрсеткіші 35%-ға тең.
Өкінішке қарай, республикамыздағы некелескен екі жұптың бірі ажырасады дейді мамандар. Ерлер арасындағы ең жоғарғы ажырасу үлесі 30-34 жас болса, әйелдерде – 25-29 және 30-34 жас аралығына сай келеді. Әдетте жұптардың жолы 5-9 және 20 жыл бірге тұрғаннан кейін екіге бөлінеді. Мұның астарында талай жыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шыдап, соңында морт сынған қаншама тағдыр жатқан жоқ па?
R-ақпарат