Қазақстанның әрбір аймағында мемлекеттік Кәмілетке толмағандардың бейімделу орталықтары бар. КБО міндеттеріне кәмілетке толмағандардың дағдарыстық жағдайдан шығуында жедел көмек көрсету, оларды орналастыру, баланың отбасымен қайта қосылуы жатады. Балалар үйінде «Үміт» тобы қызмет жасайды, оның мақсаты – жетімдікті алдын алу, баланың үйлесімді дамуына, денсаулығы мен өмірінің қорғанысына мемлекеттік кепілдік жасау . ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті бастамашылығы бойынша Кәмілетке толмағандардың бейімделу орталықтарында, балалар үйінде асырап алған ата-аналар мектептері мен отбасыларды қолдау бойынша 37 қызмет құрылған, олар қоғамдық бастамада қызмет атқарады және осы күнде мекемелерде бар (балалар үйінде, КБОда) балалардың отбасыларымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ерте жастан отбасылық төмен жағдайдайды алдын алуға мұқтаж отбасыларды қарастырмайды. Қолданыстағы Қызметтердің қызметкерлері мекемелердің тәрбиелеушілер мен мамандары болып табылады. Осыған бірден бір тәжірибе Шығыс-Қазақстандағы бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан Усть-Каменогорск қаласы әкімдігіндегі «Отбасы мен балалық шақты қолдау орталығы». Орталық 2008 жылы ЮНИСЕФ бастамашылығы бойынша «Балаға мейірімді қала» халықаралық жобасы аясында құрылған. Оның қызметінің мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға психологиялық, әлеуметтік және заңды көмек көрсету болып табылады Орталықтың міндеттері: 1. Күтілетін жағдайды зерттеу және отбасылар мен балалардың әлеуметтік-психологиялық қолдауға мұқтаждылықтарын бағалау. Тиісті қызметтерді жасап, ендіру. 2. Осы әлеуметтік-демографиялық топқа қатысты мәселелер шеңберін анықтау. 3. Ата-аналарды, педагогикалық қызметкерлерді баланың отбасында тәрбиеленуі мен отбасыларының жемісті қызмет жасауын қамтамасыз ететін технологияларға оқыту. 4. Өмірлік қиын жағдайларға тап болған жасөспірімдермен және балалармен жұмыс жасайтын орталықтың әлеуметтік-психологиялық қызметінің алдын алу мен түзету-дамыту қызметін ұйымдастыру. 5. Балалар өздері тұрып жатқан қалаға қатысты мәселелерді шешуде қатысуын қамтамасыз ету. 18 6. «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыруда білім беру ұйымдарының қатысуын үйлестіру, қаладағы отбасы институты статусының өркендеуіне көмектесу.
R-ақпарат