• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасының – бала тәрбиесіндегі формасы!

Автор:admin

Сен 22, 2022
Spread the love

Отбасы бұл айрықша орын алатын табиғи және саналы ұрпақтың қалыптасатын кепілдігі десек артық айтпағандығымыз. Отбасы әрбір адамның баға жетпес байлығы. Оның әрбір мүшелерінің орны баршамызға аян. Ең ажақын деп санайтын, көмектесуге әрдайым дайын тұратын инситут ол отбасы. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы отбасында тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.

Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.

Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға алынды.

Баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика