• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасындағы баланың құқығы мен атқаратын рөлі!

Автор:admin

Сен 26, 2022
Spread the love

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мағлұматы бойынша республикада 2015 ж. басына жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған (бұдан әрі-жетім балалар) балалар саны 32 362 жетті. Оның ішінде 21 350 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларында қорғаншылық пен қамқоршылықта және 1 820 – патронаттық тәрбиеленуде, 9 192 бала 188 балалар үйінде тәрбиеленуде. Балалар үйіндегі 7395 (80,4%) балаларды 7-ден 18 дейінгі жастағы балалар құрайды, сәйкесінше балалардың тек 19,6% ғана (1797 адам) – 6 жастағы балалар. Бүгінгі күнде интернаттық мекемелердің жүйесі 58 балалар үйі мен интернат мектептер, 25 бала үйі, 18 ақыл-есі кем балаларға арналған балалар үйі-интернаттар, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінің 13 жетімхана, 28 жастар үйі, 29 балалар үйі мен отбасылық типтегі ауылдар және 17 жеке меншік балалар үйі құрайды . Жетім балаларға қамқоршылық жасаудың Қазақстандық жүйесі әлікүнге дейін балаларды өз бетінше заңға бағынышты өмірге сапалы дайындауға назар бөлмей, «кәмілеттікке дейін ұстау» принципі бойынша жұмыс жасайды. Ал тәрбиелеу мен әлеуметтендіру сапасының тиімсіздігі Жасөспірімдер 7 Кіріспе үйлері мен Жастар үйлерін ашу арқылы, яғни оларды күту құнының өсуімен жетім балалардың интернат мекемелерінде болуларының шектік мерзімін әрдайым «ұзарту» арқылы шешіледі. Тарихи шарттардың (әлеуметтік сүргіндер, қуғын-сүргіндер, соғыстар нәтижесіндегі жетімдіктер), әлеуметтік қорғау жүйесінің нақты инерттілігі мен қалыптасқан салттар күшіне орай Қазақстанда нақты интернаттық типтегі балалар үйі бірінші орын алады. Қоғамдағы құқықтық қатынастар мен экономиканың дамуымен қатар, бала мен отбасы мүддесінде әр баланың потенциалының толық дамуына септік тигізетін қамқоршылықтың басқа да альтернативті формаларын кеңірек қолдануды талап етеді. Осы зерттеу жобасы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың отбасылық жайғастырылуының қазақстандық және халықаралық тәжірибесін, қазақстандық асырап алушы/алмастырушы отбасыларының экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелерін сараптау мақсатында жүргізілген болатын. Қазақстандық қоғамның заманауи ауысу барысы балалыққа қатысты әлеуметтік саясаттың қайшылықтарымен шартталады. Балалардың құқығын қорғау және сақтау бойынша конституциялық және басқа да заңнамалық кепілдіктер олардың шынайы қамтамасыз етілуімен елеулі қарама-қайшылықта болып келеді. Бұл қарама-қайшылық айрықша дағдарыстық болып, жетім қалған (әртүрлі себептермен) және әртүрлі типтегі интернаттық мекемелерде тұруға мәжбүрлі балаларға қатысты байқалады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика