• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ОТБАСЫЛЫҚ САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Автор:admin

Дек 3, 2022
Spread the love

Мемлекеттік отбасылық саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және отбасының өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттары, бағалаулары және шаралары жүйесін білдіреді.
Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да бар.
Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.
2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.
Жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы жинақтарының барабар мөлшерін қамтамасыз ету мақсатында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерді алушыларға 2014 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.
Мемлекет қабылдап жатқан ана мен баланы қолдау шараларының тиімділігін оң статистика көрсетіп отыр. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда бала туу 8,8%-ға өсті, егер 2010 жылы 366,2 мың бала туса, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 398,6 мың бала туған.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 17,670 млн. адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 9,128 млн. (52%), ерлер – 8,542 млн. (48%). Халық санының өсімі 2015 жылы 266,4 мың адамды құрады, өсу қарқыны жылына – шамамен 1,5%.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика