Түркістан облысында 142 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша, Түркістан облысында өнеркәсіп 434,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге артық. 215 мың тұрғын өнеркәсіптерде жұмыспен қамтылған. Облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасып келеді. Биыл өңірге 480,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 70 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 635 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 пайызға артық. Еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл мақсатта шаруашылықтар ірілендірілуде. Қазіргі таңда ең үздік суару әдістері қолданылады. Мәселен, Түркістан қаласының төңірегінде 11 мың гектарда 4 кооператив құрылды, 1,5 мыңға жуық фермерлер біріктірілуде. Олардың әрқайсысында 1 мың гектарға дейін жер телімі бар. Қазіргі таңда жаңбырлатып суару технологиясын қолданып, бидай мен жүгері өндірдік. Америкалық компаниямен бірге жұмыс істеуде, — деді аймақ басшысы. Сонымен қатар өңірде әр мың гектар жерде үлкен өңдеу өндірісі жолға қойылды. «Түркістан агро-21» компаниясы 795 га жерді суландырып, екі рет өнім алды, сондай-ақ келесі жылы 6 млрд теңгеге 1200 басты сүт тауарлы ферма іске қосылмақ. «СПК Сауран» компаниясы 795 га жерді суландырып, бордақылау кешенін салып жатыр. «Ынтымақ агро» компаниясы 462 га жаңбырлатып суаурмен қондырғыларын орнатты. Бұл жерде құс фермасы іске қосылады. Екінші бағыт орташа шаруашылықтар арасында 2-3 өнім алу технологиясы. Бұл технология былтырдан бері барлық аудандарда іске қосылды. Биылдың өзінде 2 мың жоба іске асырылды. Ауылдық жерлерде 10 сотық жерден бастап тамшылатып суару жүйесі технологиясы енгізілуде. Бұл жүйе бойынша 105 жоба «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттармен қаржыландырып жатыр, — деді Өмірзақ Естайұлы. Еліміздің ауыл шаруашылығында Түркістан облысының үлесі 12% — ды құрайды. Әлемде және елімізде орын алған карантиндік шараларға қарамастан, жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталып, 90,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 692,1 мың тн. және мал шаруашылығы өнімдері 14 мың тн. құрайды. Облыс экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында жыл басынан бері 522,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ды құрады. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбеюде. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,1 млн бастан, қой мен ешкі – 4,4 млн бастан асады. Түйе 16,2%-ға артып, 34,1 мың бастан асты. Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 158,4 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 600,5 мың тоннадан асты, — деді Өмірзақ Шөкеев. Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тн. сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тн. қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тн. жылқы еті экспортталды. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия елдеріне 133,4 мың тонна бақша өнімдері экспортталды. 1690,8 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1876,9 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды. Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Көне қаланың жаңаша сәулеті – мемлекеттік маңызы бар міндет. Түркістан облыстың бас қаласы ғана емес, сонымен қатар түркі әлемінің рухани астанасы. Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, қаладағы барлық ғимарат, құрылыстар, коммуникациялар — қаладағы барлық инфрақұрылым халықаралық талаптарға сай болуы керек. Сол себепті келер жылы да қаланың құрылысы мен жан-жақты дамуы басты назарда болмақ. Түркістан қаасын салудағы ең алғашқы бағыт – бұл қаланы газдандыру, жол желісін салу, сумен, жылумен жабдықтау, электрлендіру жаңадан салынды. Сондықтан 2020-2021 жылдары барлық инфрақұрылымды аяқтауымыз керек. Бұл жұмыстар жер астында орындалады, көзге көрінбейді. Екінші бағыт — әкімшілік-іскерлік орталық құру. Әкімшіліктің бір бөлігі салынып бітті. Келесі жылы оның негізін аяқтауымыз керек. Ол үшін бірқатар өтпелі нысандар салып, адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасалуы қажет. Мұнда 177 тұрғын үй салынуда, биыл — 54, қалғандары өтпелі. Келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, жолдар, желілер, көшелер, тротуарлар құрылысы, көгалдандыру, суландыру, субұрқақтар қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді, — деді Өмірзақ Шүкеев. Осының бәрі келесі жылы аяқталуы тиіс. Себебі келер жылы Түркістан облысына жан-жақтан қонақтар келеді деп күтілуде. Шүкеевтің айтуынша, 2021 жылдың наурыз айында түркі мемлекеттерінің саммиті өткізіледі. Қаланы дамытудағы үшінші бағыт — рухани-мәдени орталық қалыптастыру. Саммит ауқымды халықаралық оқиға болмақ. Қазір біз бұл шараға дайындық жұмыстарын бастадық. Шаралардың бір бөлігі мәдени орталықта өтеді, — деді ол. Шөкеев қала тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін су тапшылығы мен көгалдандыру мәселесін шешіп, содан кейін азық-түлік белдеуін және қаланың оң микроклиматын қалыптастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Айта кетейік, қалада 200 мың тұрғын өмір сүреді.
R-ақпарат