• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Автор:admin

Июл 25, 2023
Spread the love
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғауға, аймақтағы қылмыстық және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына аса назар аудару мақсатында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Басқосуға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев қатысты. Ауданға арнайы іс-сапармен келген Мұрат Әжінұрұлы аудан активімен кездесуінде Мемлекет басшысының сындарлы саясаты, тұрғындардың жайлы өмірі үшін жүзеге асып жатқан жобалар жайлы әңгімелеп, аймақ халқының құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық санын төмендету бағытында жұмысты жандандыруды тапсырды.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының 6 айлық қорытындысымен таныстырды.
Жиын барысында аудандағы кримогендік ахуал, тұрғындарды толғандырған әлеуметтік мәселелердің шешу жолдары талқыланды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика