9) Объектіні күзетудің және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтаудың перспективалық жоспары (әдетте, жоспардың тармақтарын іске асыруға жауаптылар көрсетіле отырып, 3-5 жылға жасалады) (кәсіпорын басшысы не уәкілетті тұлға бекітеді, объектіні терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды орындағаны үшін кәсіпорынның жауапты тұлғасы қол қояды);
10) Объектіні терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға жауапты компания лауазымды адамының функционалдық міндеттері (кәсіпорын басшысы қол қояды).
Жиын барысында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ескертілді. Мамандар терроризмнен қорғану бойынша жан-жақты ақпараттар мен тәжірибелерді айтып,жоспарларды пысықтады.
Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизов осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын түсіндіру мақсатында облыс орталығынан келген ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдеріне алғысын айтып жиынды қорытындылады.