• Чт. Май 8th, 2025
Популярные метки

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

Автор:admin

Май 8, 2025
Spread the love
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады.
101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады.
1924 жылы дүниеге келген Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында шайқастарға қатысқан. «Құрмет белгісі», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған.
1947 жылы Бөржар ауылында «Сталин» колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеді. Ол «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың соққысы», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» болды. Қазіргі таңда 6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере көріп отырған бақытты ардагер.
Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілді. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен қаржы қаралған.
Өңірден Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанды. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика