• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МӘСЛИХАТТА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Апр 17, 2023
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы мен тұрақты комиссия төрағалары кезекті рет қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылған Абдалимов Олжас есімді тұрғын қандас бауырларымызды жұмысқа орналастыру бойынша жүгінсе, Оспанов Аскербек атты азамат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ойын-сауық клубының жобасын ұсынды.
Сондай-ақ, қабылдауда болған Оспанова Жамила тұрақты негізде жұмысқа орналастыру, Джаппарова Калима тұрғын үйлерді қасбеттерін жаңарту, Өтжанова Ақмарал баспана және Қарлыгаш Берденовна энергетика мәселесімен шағымданып, үйіне құрылыс материалдарымен көмек көрсетуді сұрады.
Одан бөлек, Тархина Надежда есімді 4 баланың анасы тұрғын үйді өзінің атына аудару мәселесімен келсе, Курбанов Абдурашид, Әшеров Сәулебек, Ақылбаев Жақсыбай, Эгизбаева Дильфуза есімді тұрғындар инфрақұрылыммен қамту мәселелерін жеткізді.
Қабылдауға келген­дер­дің басым бөлігі инфрақұры­лым мәселесін алға тартты. Жарық­тандыру, жол, мектеп құрылысы мен спорт алаңша­ларын салу жө­нінде де тұрғындар өз сұрақ­тарын айтты. Тіпті жуырда бас­талғалы тұрған 2,5 па­йызбен берілетін несиелендіру мәселесі де ұмыт қалған жоқ. Жергілікті халықтың толған­дырған мәселесі қатарында қаламыздың өзекті проб­лемасына жол апаттары бойынша жағдай да бар. Емхана мен көп балалы отба­сыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы кел­ген.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Өз кезегінде мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов арыз-шағымның барлығы бақылауда болатынын және тиісті мекемелердің назарына ұсынылатынын айтты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика