• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс табу жолдары қандай?

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Бос жұмыс орындары мен жұмыс орындарына квота Жақсы, қолайлы жұмыс табу қай кез болса да, оңай мәселе емес. Әсіресе, денсаулығында сыр бар адамдарда бұл қиынға соғады. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға жұмыс табу жолдары қандай, жұмыстың қандай түрлері ұсынылады, еңбекке, кәсіпке баулитын қандай бағдарлама жұмыс істейді – бүгінгі материалда қарастырып көрдік. Электрон еңбек биржасы Мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс табудың ең қарапайым жолының бірі – электрон еңбек биржасынан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.kz сайтынан бос жұмыс орындарын іздеу. Мұнда мүгедектігі бар азаматтарға арналған бөлек бет бар. Сайтта түйіндемеңізді жариялауға, «Жеке кабинет» ашуға, жұмыс берушілерге өтініш қалдыруыңызға болады. Дәл қазіргі уақытта электрон еңбек биржасында осы санаттағы адамдар үшін барлық облыс бойынша 1098 хабарландыру, 5644 бос орын жарияланған. Сайтта сүзгінің түрлі функциясын қолданып, өзіңізге қолайлы нұсқасын табуыңызға болады. Мысалы, толық емес жұмыс күні, қашықтан жұмыс істеу, аусымды, уақытша, тұрақты деген сияқты нюанстарды ескеріп, бос жұмыс орындарына сүзгі жасай аласыз. Сонымен қатар ұсынатын айлықтың төмен-жоғары көрсеткіші бойынша да іріктеуіңізге болады. Электрон еңбек биржасында Skills Enbek бөлімі бар. Мұнда түрлі курс, еңбек нарығында құндылығын арттырғысы келетіндерге арналған тегін, промо сабақтар бар. Кез келген қолданушы сайтқа тіркелгеннен кейін курстарды қарап, білім ала алады. Сондай-ақ платформада «Үздік 100 кәсіптің» тізімі берілген. Жұмыспен қамту орталықтары Тағы бір нұсқа – жергілікті атқарушы органның Жұмыспен қамту орталығына хабарласу. Орталықтарда осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын бөлім бар. Олар мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді: қызмет орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру; арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру; мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары арқылы. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.  Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік бойынша келісімімен, оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаған жағдайда жіберіледі. Еңбек келісімшартын жасаудан және қызметін өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуға тиіс.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика