Шымкент қаласында тұратын Нина Мосунова екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, бүгінде көзі тірі үш майдангердің бірі. Соғыста пулеметші, радист болған қарт жауынгер биыл 100 жасқа толып отыр.
Соғыс ардагері Нина Егорқызы Мосунова:
1924 жылы 9 наурызда Татарстан-Урустамак елді мекенінде туылған. 1939 жылы мектеп бітірген соң ауыл шаруашылығы фермасына жұмысқа тұрып, 1940 жылы ферма меңгерушісі болып сайланды. 1942 жылы 18 жасар бойжеткен қазан айында әскерге өз еркімен алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын иеленіп, Горький қаласына ауысты.
1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметші болып қатысып, 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етті. Онда радистер бөлімінің командирі болды. 1944 жылы Урустамак елді мекенінде жұмыс істеді. 1945 жылы Башкирияның Октябрьск қаласына көшті. 1945 жылдан 1946 жылға дейін кассир, 1948 жылы кітапханашы болып жұмыс істеді. Нина Егорқызы 1948 жылы ол Қазақстанның Шымкент қаласына көшіп келген.
1948-1955 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істейді. 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» басқармасында хатшы-машинистка болып орналасты. Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталған. Қазір баласынан 2 немере 5 шөбере сүйіп отыр.
Елімізде екінші дүниежүзілік соғысының 222 ардагері бар.
Соғысқа шақыртылғандар – 1,2 млн.
Қаза тапқандар – 600 мың.
Орден, медаль алғандар – 100 мың.
Кеңес одағының батыры атанғандар – 500.
Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар – 4.
ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар — 110.
Отан үшін отқа түсіп, аман қайтқан майдагерлеріміздің алдында бас иеміз!
Дегенмен, уақыт өз дегеніне жетеді. Жыл өткен сайын Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміз бен тылда тер төккен еңбеккерлеріміздің қатары сиреп барады.
Қаламызда бүгінде небәрі 3 соғыс ардагері және 2183 тыл ардагері тұрады.