Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге полиция капитаны А.Сыздықов, полиция майоры А.Мырзахметова және Сүйемелдеу психологиялық секторының психологы К.Төлебаева және барлық мемлекеттік мкемелердің қызметкерлері арнайы қатысты.
«Арыс толқындары» телеарнасының және «Арыс ақиқаты» газетінің тілшілері қызығушылық танытқан бұл жиынға 60-қа тарта мекеме қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта заңның қолданылу аясы анықталды.
Айта кететін, Президент Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойған болатын.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осы заңдарға түсініктеме бере отырып: «ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық береді. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында тиісті заңдар әзірленді. Атап айтқанда, әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елдегі отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізілуде. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік артады»…