• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 22, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мектеп асханаларына барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Кеңес мүшелері алдымен Пушкин атындағы №1мектеп-гимназиясына барды. Мұнда 1073 оқушы білім алады. 472 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп асханасы таза, барлық талаптарға сай келеді.
Келесі зерделеу жұмыстары №80 ІТ мектеп-лицейінің асханасына болды. Білім ордасында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 1780, оның ішінде 1 — 4 сыныпта 1178 оқушы, ал 1 — 11 сыныптарда аз қамтылған оқушылар саны 602 -ні құрайды. Мектеп асханасы 120 орынға арналған және қосымша бастауыш сыныптар оқытылатын ғимараттағы асхана 48 орынға лайықталған.
Сондай-ақ, кеңес мүшелері №139 мектептің асханасында болды. Мектепте 307 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Кеңес мүшелері аталмыш мектеп басшылығына қыркүйек айына дейін кемшіліктерді жойып, ретке келтіру бойынша бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтты.
Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.
Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал білім ордасына тапшылық -7 болса, мектеп жоқ 2 елді мекен бар. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.
Сондай-ақ халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика