• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ.

Автор:admin

Июн 20, 2024
Spread the love

2024 жылдың 19 маусым күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Дәрігерлердің нұсқауымен (рецепт) сатылатын дәрі-дәрмектердің рұқсатсыз сатудың алдын алу» жөнінде мекемеаралық мәжіліс болып өтті. Мәжіліске ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Асабаев Куралбек Бекбулатович дәрігердің нұсқамасынсыз сату заң аясында тиісті шаралар қабылданатындығын түсіндірді. Мақтаарал ауданының прокурорының орынбасары Зұлпыхаров Дәурен Атакент кентінде орын алған оқиға қазіргі таңда қатаң бақылауда екенін жеткізді және фармацевтикалық дәрі-дәрмек сататын дәріханалар тек қана арнайы дәрігердің рұқсат қағазы болған жағдайда сату керек екенін, рұқсатсыз сатылатын болса заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігін жеткізді. Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы осы бойынша хаттама түзіліп, тиісті мекемелерге тапсырма берілді. Мақтаарал ауданы прокуратурасы, құзырлы органдары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Ердешов және аудандық ардагерлері, ауыл билері, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, тиісті дербес бөлімдерінің басшылары, Аудандағы барлық дәріханалардың басшылары мен өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәжілісте тиісті мекемелерге дәрі-дәрмектердің рұқсатсыз сатудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырылды. Қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика