• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕДИЦИНА САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 5, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлымен бірге Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында №2 Көпсалалы ауруханасының ұжымымымен кездесті.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады.
Халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, медицина мамандарын даярлау ісі мен профилактикалық жұмыстар қарқын алып, әрбір қалада, аудан орталығы мен ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көбейіп, дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін медицина мамандарының мәртебесі заң жүзінде бекітілетінін айтып өтті.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өңірлік ғылыми мамандандырылған медициналық ұйымдар мен ауылдық медициналық мекемелер жұмысына байланысты және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Шымкент қаласында амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жеке меншік медициналық орталық жұмыс істейді. Халықтың 52,8% немесе 615 мың азамат мемлекеттік, қалған 47,2% немесе 549 мың адам жекеменшік емханаға тіркелген. Былтыр 5 медициналық ұйым ашылды.
Өткен жылы 16 бүйрек, 6 бауыр трансплантациясы мен 369 жүрекке ота жасалды. №2 аурухана базасында бауыр циррозы бойынша бұрын-соңды болмаған операция өткізілген.
Депутат өз сөзінде ұлт денсаулығы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығының бірі болып табылатынын атап өтті. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды. Ол медициналық мекемені таңдау еркіндігі, медициналық көмек көрсету шараларының ашықтығы, медициналық қызмет көрсету ісінде бәсекелестік орта қалыптастыру, медициналық қызмет көрсетудің көлемі мен сапасына қарай ақырғы нәтижеге сәйкес қаржыландыру қағидаттарына негізделген.
Кездесуде дәрігерлер өздерінің бірқатар сауалдарын мәжіліс депутатына жолдады. Атап айтсақ, дәрігерлер жалақысын арттыру, дәрі дәрмектермен, медициналық құрылғылармен қамту және т.б. Данабек Ержанұлы сауалдарға заң аясында жауап беріп, тиісті шаралар қолданылатынын айтты.
Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика