Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында түсіндірме жұмыстары басталды. Ең алдымен медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында «Мирас университетінің» жастары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Медиация – бұл адам құқығына, бостандығына құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, конструктивтік сұхбат жолымен әлеуметтік, өзге де келіспеушіліктерді, жанжалдар мен дауларды шешуге бағытталған институт.
Мәселелерді шешуге бағытталған медиация. Ерекшелігі: адамдардың позициясына емес, жеке мүдделеріне назар аударады. Трансформациялық медиация. Қатысушылар медиация барысын өз бетінше анықтайды, ал медиатор оларды бақылайды. Тараптар арасындағы қарым-қатынасқа назар аударылады. Негізгі міндеті екі жақтың бір-бірін тыңдауы болып табылады, бұл қатысушыларға өзара түсіністікке келуге көмектеседі. Баяндау тәсілі — диалог барысында медиаторлар мен қақтығыс тараптары бір-біріне тұрақты әсер етеді. Қатысушылар болып жатқан жайтқа өз көзқарастарын білдіреді, бірте-бірте келісімге келеді. Экожүйе немесе отбасына бағытталған медиация. Отбасылық жанжалдарды шешуге қолайлы. Негізгі міндет — отбасыларға қиындықтарды жеңуге және балалармен қарым-қатынасты сақтауға көмектесу. Мәдениетаралық қақтығыстарға, әртүрлі ұрпақ өкілдері арасындағы дауларға да қатысты. Түсіністікке бағытталған медиация. Негізгі мақсат –екі жақтың өз көзқарастарын, басымдықтары мен мүдделерін және басқа да тараптарды түсіну арқылы дауды шешу. Қалпына келтіруші медиация. Диалог үшін жағдай жасауға бағытталған, онда қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік қатысушы тараптарға жүктеледі. Бұл қарым-қатынастарды қалпына келтіруге және бір шешімге келуге ықпал етеді. Медиатордың міндеті – татуластыру емес, тараптардың өздерінің татуласуына алып келетіндей жағдай жасау. Бағалаушы медиация. Медиатор процеске әсер етеді, болып жатқан жағдайды бағалайды және нәтижеге әсер етеді, қажет болған жағдайда дауды шешудің өзіндік нұсқаларын ұсынады.
Түсіндірме жұмыстарына «Жастар ресурстық орталығының» маманы А. Әлім, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі кәсіби медиаторы Ю. Пилецкая,«ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторы З.Сергеевна қатысып, жастарға «Медиация» ұғымы мен қызметін кеңінен дәріптеді.