1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;
2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;
3) өмірдегі қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар құқықтық көмек көрсету үшін олардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен кезде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) жұмыссыздарды өкілетті органның/халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жіберу;
2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу;
3) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу;
4) жұмыссыздарды кейіннен жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберу;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу. Бұл ретте жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды…