Пробацияның міндеттері – пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі:
Білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты болып табылады.
Пробация қызметі өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды есепке қою кезінде:
1) адамның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;
2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу тәртiбiн түсiндiредi.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады.
Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.
Аяқталмаған орта білімі бар өзіне қатысты пробация қолданылатын адам тұрғылықты жері бойынша оқу орындарына жүгінеді.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді:..