• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МАҚТААРАЛДА ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША 6 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (-4-)

Автор:admin

Июн 29, 2024
Spread the love

Қазіргі кезде Қазақстандағы құқықтық жүйенің гуманизациялануының бір көрінісі рентінде пробациялық бақылау қызметін айрықша атап өтуге болады. Елімізде пробация қызметтің заңдық-құқықтық негіздері қалыптасып, оның қоғам өміріндегіоңтайлы нәтижелері айқын көрініс тауып келе жатқандығын атап өтуіміз керек. Бұл – мемлекетіміздің абайсызда қылмысқа ұрынып, жаза басқан азаматтарға деген деген қамқорлығы, олардың түзелу жолына түсіп қазақстандық қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенімі болып табылады деп білуіміз керек. Соның ішінде қоғамдық және түзету жұмыстары, белгілі лауазымдар немесе белгілі қызметпен айналысуға тыйым салу, кішкентай балалары бар әйелдерге жаза мерзімін шегеру, шартты соттау тағайындау, асырауындағы кішкентай балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген ер адамдар үшін шартты түрде бас бостандығын шектеу сияқты ізгілендірілген жаза қолдану шаралары елімізде жаңа қабылданып жатқан заңдар негізінде іске асуда.
Пробация қызметі – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Пробацияның мақсаты – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика