• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЛОГИСТ ЛӘЙЛА

Автор:admin

Ноя 25, 2022
Spread the love

Ләйла Назарбайқызы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанды. Ол — «Адалдық пен жауапкершілік кез келген істі нәтижелі етеді» деген ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырған жас логист.
Әңгімеміздің әлқиссасын Ләйланың мамандығынан бастамақпыз. Әрқайсыңыздың көкейіңізде «Жаны нәзік сұлу логистика саласында қайдан жүр?» деген сауал туындағаны анық. Ләйла Досымбекова 2008 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ «Шымкент почтамт» филиалы өндірістік пошта және логистика секторының бастығы лауазымын атқарып келеді. Яғни, әр тұрғынның алыс-жақын аймақтарға, шетелдерге жолдайтын сәлем-сауқаты дәл осы өндірістік пошта және логистика секторында сұрыпталып, белгіленген мекенжайға жеткенге дейін қадағаланып отырады.
— Әр істің өз қиындығы болатыны анық. Бірақ, мен өз ісімді сүйемін және оны тыңғылықты атқару үшін барымды саламын. Себебі, поштаға келген әр құжат, әр заттың соңында бір адам тұр. Кейде жөнелтуші азаматтың салғырттығынан құжатқа бір сан немесе әріп қате толтырылса, сәлемдеме тиісті орынға жетпей қалуы әбден мүмкін. Ал мұндай жағдайда жөнелтуші азамат емес, пошта қызметінің сапасына сын келеді. Сондықтан жұмыстың ұқыпты, әрі жауапкершілікпен атқарылғанын қалаймын, – дейді Ләйла Назарбайқызы.
Ләйла – 2008 жылы атқарушы қызметкер ретінде еңбек жолын бастаған күннен әріптестерінің ортасында оң пікір қалыптастырған білікті маман. Әріптестері оның ұқыптылығы мен адалдығын, тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарайтынын тілге тиек етті. Әсіресе, іс нәтижелі болу үшін тыңғылықты ұйымдастырып, өзгеден бұрын өзіне талап қояды екен. «Өз саласының хас шебері болу үшін әрқашан ізденіп, біліктілігін арттырудан жалықпайтын жан», дейді әріптестері.
#еңбекадамышымкент

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика